Стоматологиялық клиника мен пациент арасындағы дау бейбіт жолмен шешіледі

Стоматологиялық клиника мен пациент арасындағы дау бейбіт жолмен шешіледі

Елорданың Сарыарқа аудандық соты қызметтерді тұтынушы мен стоматологиялық клиника арасындағы материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу туралы дауды бейбіт жолмен шешті.

Елорда тұрғыны клиникадан алдыңғы тістерін имплантациялау бойынша сапасыз көрсетілген қызмет үшін 1,7 млн. теңге сомасындағы шығынды және 500 мың теңге сомасында моральдық зиянды өтеуді сұрады.

Сот талқылауы кезінде судья тараптарды татуластырып,  талапкердің уайымын азайтуға және жауапкердің ашуын басуға қол жеткізді.  Нәтижесінде тараптар өзара тиімді шарттарда медиативтік келісім жасасты және оны бекітті, ол бойынша тараптардың әрқайсысы өзіне белгілі бір міндеттемелер қабылдады. Тараптар ұзақ және күрделі талқылаудан аулақ болды, өйткені көрсетілген қызметтердің сапасы туралы мәселені шешу үшін сот стоматология саласындағы маманды тарта отырып, кешенді сот-медициналық сараптама тағайындауы керек еді. Осы сараптама барысында талапкерге клиникада емдеу кезінде қандай да бір қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын және медициналық қызмет көрсетуде ақаулардың бар-жоғын шешу қажет болды.

Тараптардың татуласуы уақытты үнемдеп қана қоймай, оларға сараптамаға кететін және басқа да шығындарды болдырмауға мүмкіндік берді.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы                      

Әлия Қасымова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив