Сот борышкердің анасынан алимент өндіру талабын қанағаттандырусыз қалдырды

Сот борышкердің анасынан алимент өндіру талабын қанағаттандырусыз қалдырды

Орал қаласының №2 сотына қала тұрғыны Л. борышкердің балаға алимент төлеуден жалтару себебінен, анасынан алимент өндіру бойынша  талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында борышкер талап арызбен келіспейтінін, бережақтың жұмысқа тұра алмау себебінен жиналып қалғанын және бүгінгі таңда ЖК-де жұмыс жасап жатқандығын, сол себепті алиментке жалақысынан ұстауға келісімін берді.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 152-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған немерелері еңбекке жарамды ата-анасынан, туған ересек еңбекке жарамды ағалары мен қарындастырынан қолдау алу мүмкін болмаған көмекке мұқтаж жағдайда бұл үшін қаражаты бар ата-әжесінен алимент алуға құқылы.

Осы арқылы қолданыстағы заңнаманың жоғарыда көрсетілген нормасы кәмелетке толмаған көмегіне мұқтаж немересінің бұл үшін атасы, әжесінен сотта алимент алуға құқығын қарастырады.

Сонымен қатар бұл норма ата-әженің еңбекке қабілетті ата-анасынан қолдау алу мүмкін болмаған жағдайда және еңбекке жарамды ағалары мен қарындастарынан қолдау алу мүмкін болмаған жағдайда ғана немересін асырау міндеттемесін белгілейді.

Сот борышкерді ата-анасы ретінде дені сау, жұмысқа қабілетті және ай сайынғы төлемдерді төлеуге мүмкіндігі бар екенін анықтады.

Бұл ретте Кодекстің нормалары бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырау жауапкершілігі бірінші кезекте ата-аналарға жүктеледі.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды. 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив