Жемқорлыққа жол жоқ!

Жемқорлыққа жол жоқ!

 

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұнда бесінші басымдықтың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен  Алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет Басшымыз бәрімізде тек бір уайым – қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан  атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.

        Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары  бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды  қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды.

  Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Бұқаралық ақпарат  ұралдарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы мақалалар жариялануда. Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ағылымдамалар өткізілуде. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мұның барлығы нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Т.Кафезов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив