Ювеналды полиция инспекторларымен онлайн-семинар өткізілді

Ювеналды полиция инспекторларымен онлайн-семинар өткізілді

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрайымы  С.Қадралиева  Орал қаласының ювеналдық полиция инспекторларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың жасалуы барысындағы сапасы» атты тақырыпқа онлайн ‑ семинар  өткізді.

Семинарға Орал қаласы, Абай және Зашаған полиция бөлімдерінің ювеналды полиция  инспекторлары қатысты.

         Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезіндегі іс жүргізу құжаттарын құру сапасы сот төрелігін жүзеге асыруға  тікелей байланысты, бұл жағдай полиция қызметкерлерінің хаттаманы толтыруы және  істерді тіркеуі барысындағы өз міндеттеріне деген жауапкершілікпен қарауды талап етеді.Сонымен қатар Хаттамалардың және басқада құжаттардың дұрыс әрі сапалы толтырылмауы өзекті мәселе болып табылады.

         Сот төрағасы С.Т.Қадралиева семинарды аша отырып, әкімшілік істерді қарау кезіндегі сотта туындайтын негізгі мәселелерді атап өтті. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК -нің 127, 435, 442 -баптарының 3 -бөлігі бойынша хаттамаларды негізсіз ресімдеу фактілеріне назар аудара отырып, хаттаманы толтыру барысындағы кететін қателіктер талқыланды, сондай-ақ  қолайсыз отбасылармен профилактикалық іс шараларды жиі өткізуді тапсырды.

         Келтірілген статистика бойынша 2021 жылдың 09 айының 23 қыркүйегі мен 2020 жылдың 09 айы аралығында істердің түсуі 44%-ға төмендегені байқалады. (2020 жылдың 9 айы -209 жағдай, 23.09.2021 ж. Жағдай бойынша - 118).

         Әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты сот арқылы қысқартылған істердің саны азайып отыр, өткен жылдың осы кезеңінде кезеңінде 48 акті болса, биыл 13 акті шығарылған.

        Ювеналды полиция қызметкерлерінің атына шығарылатын жеке шағымдар саны 2020 жылы 35 болса,биылғы жылы 11 жеке шағым шығарылған.

        Ювенальды полиция басшысының міндетін атқарушы М.Құспанова өз сөзінде жұмыс жоспарына сәйкес ювеналды полициясы  кәмелетке толмағандар арасындағы түрлі іс шаралар мен құқық бұзушылықтың алдына  алу бойынша рейдтер жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар олар мектеп пен колледж студенттерімен кездесулер өткізуді жоспарлағанын атап өтті. Оның ойынша, істердің сотқа жіберілуінің төмендеуіне олардың ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап кейбір істер бойынша қысқартылған өндірістің қолданылуы әсер еткенін атап өтті, олар материалдарды ресімдеу кезінде соттың ұсыныстарын ескереді.

        Семинарға қатысушылар балаларды дұрыс тәрбиелеу мәселесі бойынша заңнаманы қолданудан туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылады. 

Кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив