Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

 

Жыл басынан Бөкей ордасы аудандық сотында аудандық білім беру бөліміне қарасты  коммуналдық мемлекеттік мекемелерге, яғни мектептер мен мектеп-бөбекжай-балабақшаларға қатысты 19 әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарында белгілі болғандай, Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдай бөлімімен өрт техникалық саласындағы заңнамалардың сақталуына тексеру жүзеге асырылған.

Тексеру нәтижесімен анықталған бұзушылықтар бойынша, бұзушылықтарды жою туралы орындау мерзімі белгіленген нұсқама берілген. Алайда, коммуналдық мемлекеттік мекемелері тарапынан төтенше жағдайлар бөлімінің берген нұсқамалары тиісінше орындалмаған.

Осылайша, коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» қаулысы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің ережелері бұзылған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Соттың қаулысымен 19 коммуналдық мемлекеттік мекемелерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіндегі санкцияда  көзделген және 829-11-бабының 2-бөлігінің талабын қолданып  әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Атап айтқанда, «Алғашық бастауыш мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Қарасу бастауыш мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Жәңгірхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Мұхамед – Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291700 теңге), «Шоңай бастауыш мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «А.Құсайынов атындағы «мектеп - бөбекжай» кешені» КММ – қызметін тоқтатусыз 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291700 теңге), «Тайғара бастауыш мектебі» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ – қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Қ.Сағырбаев атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ - қызметін тоқтатусыз 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291700 теңге), «Б.Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - қызметін тоқтатусыз 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291700 теңге), «Кеңой бастауыш мектебі» КММ - қызметін  тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Ш.Жексенбаев атындағы «мектеп-бөбекжай» кешені» КММ - қызметін тоқтатусыз 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 190 теңге), «Жәрмеңке бастауыш мектебі» КММ – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291 700 теңге), «Жамбыл бастауыш мектебі» КММ – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291 700 теңге), «З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебі» КММ – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінді (291 700 теңге), «Үштерек бастауыш мектебі» КММ – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (291 700 теңге) әкімшілік айыппұлдар салынды.

Айтар болсақ қазіргі таңда 4579690 тенге айппұл салынып, оның 1604350 теңгесі мемлекет пайдасына төлем жасалды.

БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе бас маманы                                                

Бауыржан Ману

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив