Тақырыбы: Әкімшілік іс жүргізудегі ерекшеліктер мен оның негізділігі

Тақырыбы: Әкімшілік іс жүргізудегі ерекшеліктер мен оның негізділігі

 

2020 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданғаны баршағымызға мәлім. Заңнама 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан, осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу керек»-деген болатын. Осы тапсырма аясында, бүгінде жаңа құрылған әкімшілік соттар өз жұмыстарын бастап кетті. Әкімшілік соттардың негізгі алдыға қойған мақсаты әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқығын қорғау болып табылады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы өзіне қатысты қабылданған әкімшілік актімен келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алады. Осы жағдайда, әкімшілік актінің толық немесе оның қандай да бір бөлігінің күшін жою туралы талап қоя алады. Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмесе немесе шағымды қарайтын орган болса, талап қою әкімшілік акт тапсырылған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімет жеткізген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Азаматтар егер шағым бойынша шешім қабылданбаса шағымды қарау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.

Әкімшілік істер талап қойған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қаралады және шешіледі. Аса күрделі әкімшілік істер бойынша бұл мерзім дәлелді ұйғарыммен үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелері, мәлімдемелері, өтінішхаттары мен оларға ұсынылған дәлелдермен дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді. Әкімшілік істерді дұрыс шешу мақсатында сот дәлелдеу нысынасын айқындау кезінде мәлімделген талаптардың негіздерімен және дәлелдемелермен байланысты емес және дәлелдеу нысанасын түзетуге құқылы. Сот шешім шығарған кезде дәлелдемелерді бағалайды және қандай мән-жайлар анықталғанын, осы әкмішілік іс бойынша қандай құқықтық акт қолдануға тиіс екенін, талап қою қанағаттандырылуға жататынын немесе жатпайтынын айқындайды.

Шешім қабылдау кезінде орындалған немесе ауыртпалық салатын орындалған әкімшілік актінің заңсыздығы танылған жағдайда, сот жауапкерді орындаудың күшін жоюға және шешімде белгіленген мерзімде талапкерді бастапқы қалпына қайтару бойынша іс-әрекеттер жасауды талап етуге құқылы. Бұл ретте сот шешімін орындау мерзімі көрсетіледі. Сот шешімі орындалмаған жағдайда, жауапкерге әкімшілік рәсімге қатысушының бұзылған құқықтары тиісті іс-әрекеттермен қалпына келтіргенге дейін ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Әкімішілік соттар істер қараумен шектелмей, сондай-ақ бақылау функциясында жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде азаматтар мен әкімшілік органдардың арасында теңсіздік болғызбайды.

Қорыта айтқанда, елімізде әкімшілік соттардың азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тетігіне айналатынына сеніміміз мол.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.О.Батырханов

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив