Тұрмыстық зорлық-зомбылық ‑ ауыр әлеуметтік мәселе.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық ‑ ауыр әлеуметтік мәселе.

 

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық - зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарына былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.

      Егер сіз тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық - зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.

Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық - зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құқығы бар.

1.Тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық - зомбылық жасаған адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық - зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру.

2.Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің басшысы немесе орынбасары, учаскелік полиция инспектор немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулік. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

  1. Әкімшілік ұстау –тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, бас бостандығынан айыру.
  2. Мәжбүрлі амбулаториялық бақылау мен психиатрда емделу, жалпы үлгідегі, мамандандырылған үлгідегі, интенсивті бақылайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес сот тағайындайды.
  3. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу – Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 22 бабына сәйкес әкімшілік - құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
  4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес ескерту жасау не үш тәулiктен он тәулікке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.
  5. Ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, егер ата-аналар ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса, өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады (75-бап). Егер баланың ата-аналарымен қалуы ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар бойынша, ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі (79)

8.Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және жәбірленушілердің қауіпсіздік шараларын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар қолданады.

Мамандандырылған дағдарыс орталықтары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек көрсетілу үшін медициналық мекемелерге жібереді, уақытша баспана береді, осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз етеді. Балалары бар әйелдер мамандандырылған дағдарыс орталығында бір айдан жарты жылға дейін бола алады.

Н.Бирманова

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының бас маманы                                     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Emilio 20 сентября 2023 14:13

    Wonderful blog! Do you have any helpful hints for aspiring writers?
    I'm planning to start my own website soon but I'm a little lost on everything.
    Would you advise starting with a free platform like Wordpress or go for a paid option? There are
    so many choices out there that I'm completely overwhelmed ..

    Any suggestions? Thanks a lot!

    Here is my blog :: kan je ceftin krijgen zonder medisch voorschrift

  2. аватар
    Luis 27 декабря 2023 00:03

    Hi my friend! I want to say that this post is
    awesome, great written and come with approximately
    all vital infos. I'd like to see more posts like this .


    Feel free to surf to my webpage: Polska

  3. аватар
    Iesha 11 января 2024 15:41

    Have you ever thought about adding a little
    bit more than just your articles? I mean, what you say is fundamental and all.

    However think about if you added some great images or video clips to give
    your posts more, "pop"! Your content is excellent but with pics and videos, this blog could certainly be one of the
    very best in its field. Fantastic blog!

    Here is my homepage ... zyloprim disponible en pharmacie belge

  4. аватар
    Silvia 27 января 2024 05:56

    When I originally left a comment I seem to have clicked the -Notify me when new comments are added- checkbox and
    now every time a comment is added I get 4
    emails with the exact same comment. There has to be an easy method you can remove me from that service?
    Thanks a lot!

    Here is my web blog: tariffa di audavate

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив