Сыбайлас жемқорлыққа байланысты істерді қарау мәселелері туралы

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты істерді қарау мәселелері туралы

 

Елімізде мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесіне айтарлықтай әсер ететін, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың басымдығын көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі жүруде. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заң және арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қандай қылмыстардың жататынын анықтаған кезде соттар ҚК-нің 3-бабының 29) тармағын басшылыққа алулары қажет. ҚК-нің 3-бабының 16)19)26)27) және 28) тармақтарында көрсетілген адамдар және шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілері болып табылады. Пара берушінің мүддесі үшін тиісті әрекеттерді орындауға өкілеттіктері болмаса да, бірақ өзінің лауазымдық жағдайына байланысты осы әрекеттерді басқа адамдардың жасауы үшін шара қолдана алатын адамдарды да осы қылмыстардың субъектілері деп таныған жөн.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауда сыбайлас қатысушы болған не жоғарыда көрсетілген адамдарды параға сатып алу мақсатында оларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы ұсынған не осыған ықпал еткен өзге де жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектісінің мәртебесін, атап айтқанда: оның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылатын-табылмайтынын анықтаған кезде осы нормативтік қаулының 2-тармағында көрсетілген ҚК-нің нормаларын негізге алу қажет.

 Адамда басқарушылық, ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларының не билік өкілі мәртебесінің болуын анықтау үшін ҚК-нің 3-бабының 5)9)37) тармақтарының мазмұндарын негізге алу қажет

Қылмыстық жауаптылыққа тартылып отырған адамның қылмыс жасаған кезде өзінің мәртебесін, қызметтік өкілеттіктерін және осыларға байланысты мүмкіндіктерді пайдалануына қатысты мәселелерді де анықтаған жөн. Лауазымды адамның оның қызметтік құзыреті шегінде жасауға құқығы бар және (немесе) жасауға міндетті әрекеттерді оның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттер деп түсінген жөн. Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар үшін кінәлі деп танылған адамдарға жаза тағайындауға саралап қарау туралы заңның ережесін қатаң орындаулары қажет. Осы ретте соттар "Қылмыстық жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының түсіндірмелерін ескере отырып, қылмыстық жазаның тым жұмсақ немесе тым қатаң түрінің тағайындалуына жол бермей, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін негізге алуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза адамның қылмыс жасаған кезде ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігінің тізбесінде көрсетілген ұйымдарда белгілі бір қызметпен айналысқан-айналыспағанына немесе белгілі бір лауазымды атқарған-атқармағанына қарамастан, міндетті түрде тағайындалады.  Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың нәтижесінде алынған мүлік және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құны мемлекет кірісіне алынуға жатады. Тиісті шешімді қылмыстық істі қараған сот қабылдайды және оны үкімнің қарар бөлігінде көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың нәтижесінде заңсыз алынған мүлікті және (немесе) заңсыз көрсетілген қызметтердің құның мемлекеттің пайдасына өндіру туралы өзге де талаптар, олар бойынша шешім үкімде қабылданбағанда, прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не басқа да мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған уәкілетті лауазымды адамдардың талап қоюлары бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында мәлімделген азаматтық талап қоюлар ҚПК-нің 20-тарауына сәйкес шешілуге жатады. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыспен келтірілген зиянның мүліктік қана емес, сонымен бірге моральдық зиян да болатынын да ескерген жөн.  Соттардың назары сыбайлас жемқорлық фактілерін жою жөніндегі профилактикалық жұмыстың маңыздылығына аударылсын. Осыған байланысты істі қараған кезде анықталған, Қазақстан Республикасындағы заңдылық жағдайына теріс әсер еткен сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар назардан тыс қалмауға тиіс.

  Осындай негіздер анықталған кезде соттар ҚПК-нің 405-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған жеке қаулылар шығарулары тиіс.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Р.Ақпар

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив