Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген билік органдары мен азаматтардың арасындағы дауды шешудің мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген билік органдары мен азаматтардың арасындағы дауды шешудің мүмкіндіктері

Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстанда алғашқы рет қолданысқа енгізіледі.  Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері мен әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қатар жақын арада ұйымдастырылатын әкімшілік соттардың қызметін реттейтін болады. Азаматтардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғау мақсатында республикада 21 жаңа әкімшілік сот құрылады, олардың 17-сі – облыс орталықтарында және 4-еуі – Қаскелең, Семей, Жезқазған, Екібастұз қалаларында жұмыс істейді.

Кодексте алғаш рет белгіленген ұғым «әкімшілік орган», яғни Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым.  Демек,  мемлекеттік органмен қатар өзге де заңды тұлға әкімшілік орган болып табылады. Мысалы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру барысында әкімшілік актіні қабылдайтын «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, немесе тауардың шығу түбі туралы сертификатты беретін «Атамекен» ҚР ҰКП болу мүмкін.

Заңға сәйкес, әкімшілік акт дегеніміз - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім. Алайда, кодексте оның екі түрі көзделген. Біріншісі қолайлы әкімшілік акт - әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт (заңды тұлғаны тіркеу, рұқсат қағазын беру, жер телімін беру және т.б.). Екіншісі ауыртпалық салатын әкімшілік акт - әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт (тіркеуден бас тарту, рұқсат қағазын беруден бас тарту және т.б.). Актінің түрі оны қабылдау мен күшін жою ерекшеліктеріне әсерін тигізеді. Ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған жағдайда арыз иесінің уәждерін тындау қажет. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау талап ету құқығы арыз иесінің маңызды құқтарының бірі.

Сонымен қатар, заңсыз және заңды әкімшілік актінің күшін жою тәртібін айқындайтын Кодекс нормаларының ерекшеліктерін  ескерген жөн. Бұндай жәйт берілген құжаттардың шыңдыққа сай келмейтін, құқыққа қарсы іс-әрекет, мемлекеттік немесе қоғамдық қызығушылық орын алған кезде мүмкін. Яғни, осы ретте әкімшілік рәсімдерінің ең мағызды қағидаты - сенім құқығын қорғау жүзеге асырылады. Бұл қағидат әкімшілік акті заңды және негізді болып табылатынына әкімшілік орган беретін «кепіл» болып табылады. Әкімшілік орган жасаған қате адамға септігін тигізбеуге тиіс.  

Кодекс сот ісін жұргізудің азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы турлерімен қатар, төртінші, яғни жаңа түрін белгілеген - Әкімшілік әділет. Ол арыз иесінің мемлекеттік орган не лауазымды адамға қарағанда заң жүзіндегі әлсіздігің жоюды көздейді. Судья, заңға сүйеніп, арыз иесіне мемлекеттік органға қарсы дауларда әділдікке қол жеткізуге жәрдем көрсетеді. Егер  арыз иесі көршісімен дауласқанда бітімгершілікке келіп келісетін болса, мемлекеттік органмен дауласатын болса – өзге мемлекеттік органға жүгінуге мүмкіндігі жоқ. Осы ретте, сот мемлекеттік органдарды өздерінің функционалдық міндеттемелерін тиісті түрде орындауға мәжбүрлейді. Мысалы, рұқсат қағазын беруден бас тарту орынды болса – сот заңды шешім қабылдайды. Ал мемлекеттік органның рұқсат қағазын беруден бас тартуы негізсіз болса – онда сот сол бас тарту туралы шешімнің күшін жояды.

Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізу тәртібіне алғаш рет енгізілген ерекшеліктерінің бірі - анықтық презумпциясы болып табылады. Осыған сәйкес, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер әкімшілік орган, лауазымды адам теріс деп белгілемейінше, анық деп есептеледі.  Материалдардың, объектілердің, құжаттар мен мәліметтердің төлнұсқалығына күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам олардың төлнұсқалығын өзі дербес тексеруге міндетті. Арыз иесі ондай шешімнің, әрекеттің, әрекетсіздіктің заңсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, тек өзінің құқықтары, бостандықтары не мүдделерінің бұзылғаны туралы жеткізе алады. Осы презумпция өзге мемлекеттердің заңнамасында өте сирек кездеседі.

Жария-құқықтық дауларға қатысты әкімшілік сот ісін жүргізу  осы күнге дейін Азаматтық процестік кодексіне сәйкес жүргізіліп келді. Сондықтан осы Кодекс әкімшілік дауларды шешу тәртібін көздейтін Азаматтық процестік кодексінің ережелерін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің процесуалдық бөлігін қамтиды. Бұдан әрі, Кодексте әкімшілік талап қою ұғымы мен оның түрлері белгіленген. Талап қоюлар: дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау туралы және тану туралы болып табылады.

Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік сот ісін жүргізу мен азаматтық сот ісін жүргізу арасындағы аса маңызды айырмашылық келесіде. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында дәлелдерді жинақтау мен ұсынуды іске қатысушы тараптар жүзеге асырады, ал соттың жұмысы тек сол дәлелдерді қараумен шектеледі. Әкімшілік сот ісін жүргізу барысында сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Осы жағдайда сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге, яғни әділ, жаңжақты және заңды шешім қабылдауға бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Бұрыңғыға қарағанда Кодексте әкімшілік актіге жоғары тұрған органға шағымдану рәсімі толығымен нақтыланған. Шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам жүргізеді. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте жоғары тұрған органға сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасау міндетін енгізу орган ішіндегі қызметті бақылаудың тиімді шараларының бірі болып табылады. Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда әкімшілік рәсімге қатысушы шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.  

Кодекске алғаш рет жария-құқықтық даулар бойынша татуласу мүмкіндігі қарастырылған. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

 

Қымбат Алпысбаева 

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы                                 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Болат 16 июля 2021 21:50

    Халыққа пайдалы Кодекс. Азаматтардың өтінішін қарау жетілдірілген. Оның сот үдерісінде тиімділігі зор. Автор стиль ерекшелігін сақтап терминдерді түсінікті берген. Демагогия мен полимейкаға бой алдырмаған. Нақты фактілермен жазылған. Респект!

  2. аватар
    Mora 28 декабря 2023 08:04

    With havin so much content and articles do you ever run into any
    problems of plagorism or copyright infringement? My blog has a lot of exclusive content I've either created myself or outsourced
    but it appears a lot of it is popping it up
    all over the web without my authorization. Do you know any techniques to help protect against content from being
    stolen? I'd certainly appreciate it.

    Feel free to surf to my homepage :: Virgin Boeing 747 to launch rocket into

  3. аватар
    Gaston 6 февраля 2024 09:56

    Hey I know this is off topic but I was wondering
    if you knew of any widgets I could add to my blog that automatically tweet my newest
    twitter updates. I've been looking for a plug-in like this for quite some time
    and was hoping maybe you would have some experience with something like
    this. Please let me know if you run into anything.
    I truly enjoy reading your blog and I look forward
    to your new updates.

    my homepage ... tiniazol achat en France

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив