Жаңа заң дауды тиімді шешудің кепілі болмақ.

Жаңа заң дауды тиімді шешудің кепілі болмақ.

Белгілі болғандай, елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Осыған орай,  2021 жылғы 1 шілдеден бастап өз жұмысын бастайтын  жаңа сот құру көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Оқырман назарын кодекстің жаңа қағидаттарының бірі ретінде соттың белсенді рөліне ерекше зейін аударғым келеді. Бұл ретте әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді.

Өзінің бұзылған құқықтары туралы сотқа жүгінген кез келген азамат соттан әкімшілік органның әрекет ету заңдылығын анықтау кезінде барынша көп  жан-жақты, егжей-тегжейлі зерделенуін және сот талқылануы артықшылығын алады деп санаймыз. Бұдан былай өтініш беруші әкімшілік органның бүкіл заң қызметіне жалғыз қарсы тұрмайтын болады.

Судья әкімшілік істің нақты және заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы болады. Сот өз бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Егер, сот азаматтық соттардағы сот процесінде ұсынылған арыздарды, шағымдарды немесе іс материалдары аясында баяндалған жағдайларды олардың шеңберінен шықпай-ақ зерттесе, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде бұл іс-әрекеттермен шектелмейді. Бұл соттың белсенді рөлінің мәні болып табылады. Аталған жаңашылдық мемлекеттік орган мен жеке тұлға арасындағы даудың тиімді шешілуінің кепілі болады деген сенім мол. 

                                                                              Руслан Демеуов

                                                              Орал қаласының мамандандырылған

                                                              Әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив