ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕССТІК КОДЕКСТІҢ МАҚСАТЫ ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ

ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕССТІК КОДЕКСТІҢ МАҚСАТЫ ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ

Күні бүгінге дейін талқыға салынып келген әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сот белсенділігін арттыратын қағидаттар енгізілген, яғни, сот тараптардың ұсынған дәлелдерімен шектеліп қалмай, шындықты айқындау үшін қажет деп санаған барлық жағдайды зерттеуі, дәлелдер жекткіліксіз болса судьяның өз еркімен оларды жинауы, әкімшілік органның өзінің дұрыстығын дәлелдеуге міндеттілігі, ал тараптардың сотқа талап етілген барлық құжаттар мен материалдарды ұсынуы болып отыр.

Жаңа кодексте әкімшілік әділетке тән істерді қараудың кезеңдері айқындалған, бұл әдіс өз кезегінде жаңа процессті ауырлатпайды, тараптарға да қолайсыздық тудырмайтын –қисынды мерзім.

Қисынды мерзім- бірінші, апелляциялық, кассациялық сатыларда қолданылады, істердің жекелеген өндірісі категориясында болмайды және тараптардың істі қарауды жеделдету туралы өтініштері бойынша судьялар мерзімді шектеп, көлемін айқындауы мүмкін.

Жоба бойынша қисынды мерзімнің айқындалуы адам құқы мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы еуропалық конвенсияға сәйкес, сонымен қатар ұлттық заңнамада көзделген талап. Бұл жерде ерекшелігі істі қарауды негіссіз созбалаңға салудың алдын-алу үшін кодекс жобасында тараптарға судьяға істі қарауды жеделдету туралы өтінішпен жүгінуге болатын құқық беріліп отыр. Судья бұл өтінішті істі жедел қарауға ынталандыратын құжат ретінде санап, ал әкімшілік орган іс аяқталатын мерзімді белгілеуге міндетті.

Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі - әділет институтын құқықты, тұрақты әрі теңгерімді дамытып, заң үстемділігін қамтамасыз етудің кепілі ретінде қарастырылған. Сот төрелігінің ашықтығына, сапасына, сот жүйесіне деген сенімнің жаңа деңгейі деп есептейміз.

Анаргул Ахонова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив