Өнер адамдарымен кездесу өтті

Өнер адамдарымен кездесу өтті

"Nur Otan" партиясы атынан Қарағанды қалалық мәслихатқа үміткер Ахметова Индира Әбдіғазымқызы 30 желтоқсан күні аймағымыздағы мәдени қара шаңырағымыз С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының директоры Қалымов Құрман Өмірбекұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмабеков Кеңес Нарымбайұлымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ахметова И.Ә. өмір тынысы,  айналысып жатқан қоғамдық жұмыстары жайында және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы 7 басымдықтарды атап өтті. Үміткер ретінде халықпен әрдайым тығыз байланыста, бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.

Одан әрі театр басшысы Құрман Өмірбекұлы әңгімені өрбітіп, қазіргі тіл мәселесі бойынша өзінің толғанысын білдірді. "Nur Otan" партиясының әлі де осы мәселе бойынша түбегейлі жұмыс жасауға үндеп, отбасы құндылығын алдыға тартып, сол арқылы тіл мәселесін шешуге болатынын ұсыныс ретінде атап өтті. Кездесу барысында Қарағанды қалалық мәслихатқа үміткер Ахметова Индира Әбдіғазымқызы жалғастырып, "Nur Otan" партиясының мәдени және рухани құндылықтарды, тілді сақтау және дамытуға 2025 жылға қоятын міндеттерді атап өтті. Бұл міндеттердің қатарына: дәстүрлі өнерді дамытуға қатысты жобаларды іске асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша шаралар өткізу, мәдениетті кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тілдің нормативтік базасын күшейту(тегін курстар өткізу), сонымен қоса қаламызда тұратын басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілдерін қолдау мен дамытуға, жыл сайын 50-ге жуық мәдени іс-шаралар өткізуге қолдау көрсету. Бұл міндеттер Қарағанды қаласының тұрғындарына теңдей жағдай жасауға, қаламыздың әл-ауқатын  арттыруға бағытталғанын негіздеді.

Кеңес Нарымбайұлы ағамыздың да толғанысы жоқ емес. Киелі қара шаңырақтың облысымызда алатын орны ерекше. Осы Қарағанды облысы ғана емес, республикада алғаш құрылған орны ерек театр болып табылады. Қаламыздың көркеюі мен дамуына қосып жатқан үлесін айтпаса да болады. Мәдениет саласын қолдау қашанда қажет екендігін жеткізді. Жастарды қолдау мәселесін алдыға тартудың маңызын атап өтті.

"Nur Otan" партиясына үлкен сеніммен қарайтынын сөзге тиек етіп, ел ағамыз өзінің өмірлік тәжірибелері мен ойларымен бөлісті. "Nur Otan" партиясын қолдап дауыс беретіндерін білдірді.

Кездесу соңында көпті көрген, жақсы қасиет пен үлгі-өнегені серік еткен, ерекше абыройға бөленген айтулы тұлға Кеңес ағадан Индира Әбдіғазымқызы бата сұрап, бір ауыз жақсы батасын алып қайтты.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы Қарағанды қаласының
Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив