Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ профессорлық-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесу өтті.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ профессорлық-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесу өтті.

Дәурен Қуанышев, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде үгіт-насихат жұмыстары аясында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ  профессорлық-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары туралы айтып, 5 жыл ішінде білім беру саласындағы даму және  оқытушылармен өзгерістер мәселелерін талқылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасының екінші басымдығы дені сау интеллектуалды ұлт қалыптастыруға бағытталған. Жаңа жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортқа шығындар ұлғаяды.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта барлық балалар үшін мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ететін жүйелік шаралар әзірленуде. Біздің балалар қай жерде тұратынына және оқытылатын тіліне қарамастан сапалы білім алуы керек.

2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% өседі. Көтеру болашақта жалғасады. Осы мақсаттарға алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан «Кәсіпкерлік негіздері» пәні білім берудің барлық деңгейлерінде - мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылатын болады.

Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине балаларға басымдық беріледі. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылады.

Жас буын өкілдері шығармашылық пен қолөнер негіздерін  меңгеруі үшін «балалар үйірмелерінің» жұмысы қайта  жаңғыртылады.

Өйткені балалар – біздің мемлекетіміздің болашағы.

Жыл сайын 500 ғалымға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту қамтамасыз етіледі, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы шеңберінде жас зерттеушілерге ғылыми зерттеулер үшін 1000 грант ұсынылады.

Барлық деңгейлердегі  сапалы, заманауи білімге қол жеткізу қаланы одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.

Барлық деңгейлердегі білімнің қол жетімділігін арттыру үшін «Нұр Отан» партиясы көрсетілген нысандарға басты назар аударады:

✅  2025 жылға қарай ҰБТ-дан 100 балдан жоғары  жинаған студенттер санын 10% -ға көбейту;

✅2021 жылдан бастап, бастауыш сынып оқушыларын кезең-кезеңімен тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу;

✅ 2400 орынға арналған 4 жаңа мектеп салу, соның ішінде – «Күнгей», Пришахтинск, 16 ықшам аудан, Волочаев  көш. (600 орын).

✅2022 жылы 1 мың орынға дейінгі  Шығармашылық сарайын салу;

✅ 16 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселесін шешу (№ 34, 41, 53, 56, 62, 63, 64, 66, 74, 78, 79, 81, 82, 86, 88 мектептер мен  № 4 мектеп-интернаты);

✅ 2025 жылға дейін 1300 компьютер (орта есеппен 260 бірлік) сатып алу (5,2 оқушыға 1 компьютер);

✅Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың оқушыларына  көмек көрсету (ақысыз жол жүру, компьютерлермен, кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету) және мектепке дейінгі жастағы балаларға тамақтану ақысын 50% өтеу.

Бұл шаралар 5,2 мыңға жуық орта мектеп оқушылары үшін сапалы білім алуға және 3 ауысымда оқуды жоюға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында Дәурен Шалабайұлы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ  ұжымына қызықты сұрақтар, ұсыныстар мен нұсқаулар үшін алғысын білдіріп, оларды өз жұмысында ескеретініне  айтты.

Біз бірге жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз!

«Нұр Отан» партиясына дауыс беріңіздер! 

#nurotan #jenimpazbol #bizbirgemiz #jasotan # tanday2021

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы Қарағанды қаласының
Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив