Интернет-алаяқтарға сеніп қалған петропавлдық құмарлығынан жарты миллионнан астам қаржысынан айырылды

Интернет-алаяқтарға сеніп қалған петропавлдық құмарлығынан жарты миллионнан астам қаржысынан айырылды

Құмарлық – желідегі алаяқтардың сенімді серіктерінің бірі. Желідегі «қаражатты еселейміз» деген хабарландыруға сеніп қалған Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтықтың құрбанына айналды. Интернеттен өзін қызықтырған хабарландыруын тауып алып, ұсынылған сайтқа тіркелген. Келесі күні WhatsApp мессенджеріне хабарласып, жобаға қатысу үшін 150 000 теңге салу қажет екенін айтқан. Ер адам шағын несие ұйымынан займ ресімдеп, алған қаражатын алаяққа аударған. Көп кешікпей оған 50 доллар табыс таптыңыз деп хабарлайды. Қызыққанынан қосымша қаражат салып отырған қалалыққа «дивидендтері» көрсетілген кестелер жолданып отырған. Жәбірленуші алданғанын сезген кезде, «табысын» талап еткен. Алайда, алаяқтар табыс алу  үшін тағы да салым салу керек деген. Ақырында 545 мың теңгесінен айырылған ер адам полицияға жүгінеді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Интернет-қолданушыларына желідегі «қаражатты жылдам еселеудің» түрлі амалдарына, қаржы пирамидасының көріністері бар ұйымдардың ұсыныстарына сенбеуді қатты ескертеміз, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Сондай-ақ, интернет арқылы тауар не қызмет сатып аларда алдын ала төлемге келіспеңіздер. Ең маңыздысы – логин, құпия сөз, банк карталарының кодтары, sms-хабарламамен келетін бір реттік кодтар сияқты ақпараттарды құпия ұстау. Бұл ақпараттарды қандай жағдай болмаса да, ешкімге хабарлауға болмайды.  Естеріңізде болсын: интернет-алаяқтықтан қорғанудың негізгі жолы – жеке мәліметтеріңізге ұқыпты қарау.

Баян ҚАСЫМ, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив