«Саналы ұрпақ» жобасы елорданың прогрессивті жастарын жинады

«Саналы ұрпақ» жобасы елорданың прогрессивті жастарын жинады

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің олардың әрқайсысының және жалпы қоғамның өміріне теріс әсерін түсінуін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасты және сыбайлас жемқорлықты жеңудегі жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сияқты маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында 2018 жылдан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша «Саналы ұрпақ» іске асырылуда.

Елордада онлайн форматта 32 колледждің 2000-нан астам студентінің қатысуымен жыл сайынғы «Саналы ұрпақ» клубтарының қалалық слеті өтті.

Слет қатысушыларына қалалық мәслихат депутаты, Нұр-Сұлтан қаласының жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Болатұлы Жанділдаев, ақпараттық - ағартушылық штаб төрағасы, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметов құттықтау сөз сөйледі.

Слет барысында жаттықтырушы Берлібай Ақерке Берлібайқызымен заманауи әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге бағытталған «жеке брендті дамыту арқылы көшбасшылық» тақырыбында коуч-медиа тренингі өткізілді.

Слет жұмысына «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «даналық «жоғары медициналық колледжі», «Астана «Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі», «Менеджмент, Бизнес және білім колледжі» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері белсенді қатысты.

Слет «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жұмысын қорытындылады, жобаның негізгі бағыттары мен мақсаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды. Слетке қатысушылар жобалық кеңсенің перспективті іс-шараларымен танысты. Өз кезегінде елорда жастары жобаны іске асыру жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив