Париждегі Салтанат қақпасындағы қазақстандық рух салтанаты

Париждегі Салтанат қақпасындағы қазақстандық рух салтанаты

Франция елордасының әйгілі Салтанат қақпасының дәл жанындағы Қазақстан елшілігінің алдында зағип және көзі нашар көретін отандастарымыздың «Астана – Париж» бағытымен өткен құрлықаралық «Шектеусіз спорт» веломарафоны өз мәресіне жетті.

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын «Қазақ елі» ескерткішінен басталған бірегей жоба жалпы саны 17 адам құрайтын, арасында көзі көрмейтіндермен қатар дені сау еріктілерді де қамтыған, рухы мықты азаматтар тобы 6 мемлекет аумағындағы 30 қаланы қамтыған ұзындығы 5 000 километр үлкен жолдан өтті. «Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі» ұранымен өткен веломарафон бастамашыларының айтуынша, оның негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі отандастарымыздың биік мұраттарға жете алатындарын көрсету және көпшілікті спортпен ұдайы шұғылдануға әрі салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Іс-шара басталғаннан бері спортшылар жолдарында кездескен көптеген жандардан тамаша қолдау тапты. Германияда үш велосипедші оларға тіпті мәреге дейін қосыла қалды.

Жобаның соңғы бөлігі Ножан-сюр-Марн қаласында орналасқан қазақтың біртуар қайраткері Мұстафа Шоқайдың мүсінінен басталып, әйгілі «Тур де Франс» веложарысының қорытынды кезеңі өтетін Елисей алқаптары даңғылы мен басқа да көшелерді қоса алғанда Париж аймағы мен атақты астананың айтулы орындары арқылы өтті. Батыл спортшыларды қолдау үшін олардың қатарына Франциядағы Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігіндегі «DiplomaСycles» Велоспорт әуесқойлары қауымдастығының мүшелері де қосылды.

Салтанат қақпасының жанында Елшілігімізде веломарафоншыларды Париждің 8-ші ауданының әкімі Жанн Д'Оскар, құрметті сенатор, Борёгар-Левек коммунасының мэрі, бұрынғы кәсіби велосипедші Ален Нери, Паралимпиялық қордың жетекшісі Ален Сиклис, қазақстандық студенттер, диаспора өкілдері, Қазақстанның француз достары, дипломаттар мен олардың отбасылары қуана қарсы алды.

Елшінің айтуынша,  Кездескен қиындықтарға қарамай, талай мейірімді адамдармен танысуға мүмкіндік берген осынау ұзақ жолдың мәресінде сіздерді көруге аса қуаныштымыз. Осындай бастамалар халықтар мен мәдениеттерді шынайы жақындастыра түседі, әрі Қазақстанның шет елдегі абыройын нығайта түседі. Астана мен Парижді қосқан осы веломарафон Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық әріптестіктің 10-жылдығы аталып жатқан кезеңде ұйымдастырылғаны біз үшін ерекше мәнге ие болып көрінеді. Себебі бүгінгі жеңістеріңіз екіжақты спорттық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты дей аламыз».

Спортшылар үшін Париждің ең көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік берген теплоходпен экскурсия ұйымдастырылды.

Қалалар мен елдерді кеше жүре, веломарафоншылар зағиптарды қолдау бірлестіктерімен, спорттық қауымдастықтармен, жергілікті билік өкілдерімен, жүздеген және мыңдаған адамдарға жолығып, өз бастамаларымен әлемді анық көре алмасаң да, намысың сені алдыға сүйреу беретіндей алдыңа қойған мақсаттан тайынбай алға басудың жарқын үлгісін көрсете білді. Жобаға қатысушылар баршамызды, денсаулығы мінсіздерді де, мүмкіндіктері шектеулілерді де, армандарына ұмтылуға, өз қоғамының белсенді мүшелері болуға, зағиптарға қатысты әлеуметтік таптаурындарды жоққа шығаруға, еліміздің мәдениеті мен заманауи жетістіктерін насихаттауға шақырады.

Веломарафон жолындағы әрбір мемлекетте Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері отандастарына салтанатты қабылдау мен жергілікті параспортшылармен кездесулер ұйымдастырып, олардың трассаларда қауіпсіз жүрулеріне жәрдем жасады.

Балалар мен жастарды қолдаудың «Анашым» қайырымдылық қоры 2001 жылы құрылып, содан бері негізінен көру жағынан қиындықтары бар азаматтардың әлеуметтенуімен айналысады. Осы уақыттың ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандардың қоғамның толыққанды мүшелері болуына қолдау көрсеткен бірталай табысты жобаларды жүзеге асырып үлгерді. Қордың қамқорлығымен 2016 жылы «Шектеусіз спорт» жобасының негізі қаланып, оның аясында зағиптар мен нашар көретін азаматтардың қатысуымен «Алматы – Астана» және «Алматы – Ыстықкөл» бағыттары бойынша екі веломарафон өтті.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив