ҚР СІМ басшысы Минскіде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

ҚР СІМ басшысы Минскіде ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының жетінші кездесуіне қатысты.

ТМД СІМК отырысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды теңестіріп, Достастық алаңындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты.

Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы серіктестікті жандандыру туралы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы талқыланды және Достастық елдеріне жіберілетін делегациялардың құқықтық мәртебесі туралы конвенция мақұлданды.

Министрлер бірқатар бірлескен мәлімдемелерді, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы жанында ТМД-ға бақылаушы мәртебесін берудің 30 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.

Минскідегі отырыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласын 2026 жылы ТМД Спорт астанасы деп жариялау туралы шешімге қол қойылды.

Сол күні «Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің жетінші кездесуі өтіп, оның барысында өңірлік қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді жандандырудың, сондай-ақ экономика, сауда, жасыл энергетика және экология, көлік, логистика, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.

Делегация басшылары күш-жігерді көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына шоғырландыруға және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволарының басшылары осы форматтағы жұмысты тұрақты негізде белсенді түрде жалғастыруға келісті.

Сондай-ақ, ТМД СІМК аясында Қазақстан мен Тәжікстан Сыртқы істер министрлері М.Нұртілеу мен Сироджиддин Мухриддиннің екіжақты кездесуі өтті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңірдегі ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив