Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен онлайн форматта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі меморандум мен Экология мәселелері жөніндегі конференциясының қорытынды құжат жобаларын, сондай-ақ Талдау орталықтары форумының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Терроризмге қарсы басқармасы және Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК) сияқты құрылымдарымен ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылап, басым салалар мен өлшемдерде тұжырымдамалар мен үйлестіру бойынша қол жеткізілген жетістіктер туралы ақпаратты тыңдады.

Кездесудің қорытындысы бойынша АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) ү.ж. 14 наурызда Астанада өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив