Қазақстан Сыртқы істер министрінің Қыргызстанға сапары туралы

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Қыргызстанға сапары туралы

Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке алғашқы ресми сапармен келді.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастықты тереңдетуге өзара бейілдік расталды.

Қазақстан СІМ басшысы М.Нұртілеу аса жоғары және жоғары деңгейлерде сенімді диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты тараптар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Біздің елдеріміз сенімді одақтастар, өте жақын және бауырлас мемлекеттер. Біз достықтың мызғымас байланыстарымен, ғасырлар бойғы тарихымен, тілдердің жақындығымен және тығыз бауырлас тамырымен байланыстымыз», – деді М.Нұртілеу.

Қырғызстан ТМД және ЕАЭО аясындағы еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстан үнемі Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді, деп толықтырды ҚР СІМ басшысы.

Министрлер 2023 жылдың 11 айында 1,3 млрд АҚШ долларын құраған өзара сауда өсімінің оң динамикасын құптады. Экономикалық әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Өз кезегінде Ж.Кулубаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар терең одақтас қатынастар сипатына ие бола отырып, сапалы жаңа деңгейге шыққанын растады.

Өзара инвестицияларды тарту, көлік және логистика, энергетика, су ресурстары, цифрландыру салаларында, оның ішінде бірлескен жобаларды пысықтау және іске қосу жолымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды, тығыз ынтымақтастықты және өзара қолдауды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестерді».

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу сондай-ақ Қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ата-Бейит» мемориалдық кешеніне және белгілі қырғыз ақыны Чингиз Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив