ҰҰ Ұйымның бітімгершілік қызметіне Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады

ҰҰ Ұйымның бітімгершілік қызметіне Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстанға жұмыс сапары аясында БҰҰ Бас хатшысының заң үстемдігі және бейбітшілікті қолдау мәселелері жөніндегі көмекшісі Александр Зуевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Ұйымның бітімгершілік қызметі бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Қ. Омаров Қазақстанның БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын атап өтті. Қазақстандық әскери контингенттің Ұйымның Ливандағы, Батыс Сахарадағы, Орталық Африка Республикасындағы және Конго Демократиялық Республикасындағы бітімгершілік миссияларына қатысуы туралы хабардар етті.

Қазақстан БҰҰ-мен, оның ішінде БҰҰ-ның бітімгершілік бойынша сертификатталған курстары оқытылатын ҚР ҚМ өңірдегі жалғыз «ҚАЗЦЕНТ» бітімгершілік даярлық орталығының базасында тығыз ынтымақтастықта екенін атап өтті.

А. Зуев Қазақстанның осы бағыттағы үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына ҚР полиция қызметкерлерінің қатысу мүмкіндігін қоса алғанда, өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етуге дайын екенін білдірді.

Өз сапары аясында А.Зуев ҚР бейінді мемлекеттік органдарымен кездесулер өткізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив