Анкарада кадр саясаты бойынша сімаралық консультациялар өтті

Анкарада кадр саясаты бойынша сімаралық консультациялар өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті өкілдері Түркияның Сыртқы істер министрлігі Персоналды басқару департаментінің, Дипломатиялық академиясының және Түркия Президентінің жанындағы Адам ресурстары офисі басшылығымен кездесу өткізіп, өзара тәжірибе алмасты.

ТР СІМ Персоналды басқару департаментінің директоры Али Өзел қазақстандық әріптестеріне Түркияның сыртқы саяси ведомствосындағы болып жатқан кадрлық реформалар жайында баяндады. Өз кезегінде, ҚР СІМ өкілдері ҚР дипломатиялық қызмет персоналын басқару және олардың қызметін бағалау жүйесін енгізу тәжірибесі туралы ақпараттандырды. 

Дипломатиялық академия басшысы Месут Өзжанмен кездесу барысында екі елдің оқу бағдарламалары, біліктілікті арттыру курстары мен тренингтері талқыланды. Тараптар Қазақстандағы Дипломатия институты ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты толыққанды бір оқу орны, Түркияның Дипломатиялық академиясы – дипломаттарға тек тренингтер өткізетін ТР СІМ-нің бір құрылымдық бөлімшесі болып табылатынына назар аударды. 

Түркия Президенті жанындағы Адам ресурстары офисі басшысы Салим Атай адам ресурстарының басқару процесстерін дамыту мәселесінде цифрландыру жүйесінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, С. Атай Түркияның «Е-инсан» цифрлық жүйесі әлемде үздік төрттікке кіретініне назар аударып, бұл жүйемен Қазақстан тарапымен бөлісуге дайындығын жеткізді.

Сонымен бірге, тараптар екіжақты форматта және көпжақты алаңдарда, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымының шеңберінде жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив