Қазақстанның Тұрақты өкілі ЮНЕСКО Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Тұрақты өкілі ЮНЕСКО Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның жаңа Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Ұйымның Бас директоры Одрэ Азулеге сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында отандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан басшылығының еліміздің Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымымен (ЮНЕСКО) ынтымақтастығы деңгейін және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының мәртебесін арттыру туралы шешімі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған кешенді реформалар туралы хабардар етті.

Жуырда ЮНЕСКО Бас директорының Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері атап өтілді, бұл елімізде мәдени және табиғи мұраны, материалдық емес мәдени мұраны, биоәртүрлілікті қорғау, білім берудің сапалы жүйесі, заманауи ғылыми саясат, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға маңызды серпін берді.

О. Азуле елорда мен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барудан, «Астана» халықаралық форумына қатысудан, еліміздің шығармашылық жастарымен араласудан алған оң әсерлерімен бөлісті және Қазақстанның дамуы үшін ЮНЕСКО әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

А. Абдрахманов Бас директордың ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік кеңсесін Өңірлік мультисекторлық бюроға айналдыру туралы шешімі үшін алғыс айтты,  бұл Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес келеді. Су ресурстарын басқару жобаларына және өңірдегі мұздықтарды ғылыми зерттеуге ЮНЕСКО сараптамасын тартудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысымен тараптар Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЮНЕСКО құндылықтарын ілгерілету үшін екіжақты байланыстарды жалғастыруға және нығайтуға уағдаласты.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/631825?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив