Қазақстан мен ЕҚЫҰ өңірдегі жанжалдарды шешуді және тұрақтылықты қалпына келтіруді қуаттайды

Қазақстан мен ЕҚЫҰ өңірдегі жанжалдарды шешуді және тұрақтылықты қалпына келтіруді қуаттайды

Астана, 2023 жылғы 7 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана халықаралық форумына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізді.

Тараптар қауіпсіздік саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның инклюзивті диалог арқылы жанжалдарды реттеуге және өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған күш-жігерді талқылады.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған Астана декларациясы мұрасының өзектілігін және «Қазақстанның Ұйым дамуындағы ерекше рөлін» атап өтті.

Министр ЕҚЫҰ-ны еркін, демократиялық, ортақ және бөлінбейтін еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығы идеясына берілген бірегей платформа ретінде сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Х. Шмид қауіпсіздіктің үш өлшемі, соның ішінде әскери-саяси және экономикалық-экологиялық ынтымақтастықты, сондай-ақ адам құқықтарын ілгерілету мен демократиялық институттарды нығайту бойынша тығыз өзара іс-қимылды атап өтті.

М. Нұртілеу ЕҚЫҰ Бас хатшысының Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын нығайтуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалап, өзара байланысты тереңдету, су ресурстарын пайдалану және климаттың өзгеруі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу соңында тараптар Ұйымда және ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігінде жанжалдарды еңсеру бойынша белсенді өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/569573?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив