Қазақстанның Сыртқы істер министрі орынбасарының Венаға сапары Аустриямен және ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынасты нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі орынбасарының Венаға сапары Аустриямен және ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынасты нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік берді

Үстіміздегі жылғы 7-8 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Венаға жұмыс сапары Аустриямен ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) өзара іс-қимыл мен серіктестік байланыстарының перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді. Сапар биыл атап өтілетін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қосылуының 30 жылдығы мен Қазақстан-Аустрия дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Аустрия сыртқы саяси ведомствосында қазақстандық дипломат Бас хатшы Петер Лаунски-Тиффентальмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде Украинадағы жағдайды талқылады. П. Лаунски-Тиффенталь Қазақстан Аустрияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін атап өтіп, екі елдің ЕҚЫҰ және БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар алаңдарындағы белсенді өзара іс-қимылын атап өтті. Сұхбаттастар пандемиядан кейінгі кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға және адами мен іскерлік байланыстарды қалпына келтіруге ерекше назар аударды.

Сонымен бірге Р. Василенко Цифрландыру және экономика жөніндегі Федералды министрлігінің Бас хатшысы Михаэль Эстерлмен кездесу өткізді. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты, азық-түлікпен қамтамасыз ету, логистика, қаржы және білім беру саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ биыл Аустрияда 11-ші отырысы өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметін нығайту бойынша алдағы қадамдар талқыланды.

Қазақстандық дипломат Аустрияға серіктестік байланыстарды тереңдетуге дайындығы үшін алғысын білдіріп, аустриялық бизнестің іскерлік қатынастарды кеңейту, оның ішінде Қазақстанға инвестицияларды одан әрі салу үшін көптеген мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Қазірдің өзінде ҚР-да Аустрияның қатысуымен 350-ге жуық компания жұмыс істейтіндігі және тек 2015 жылдан бастап Аустриядан келген инвестиция көлемі 5 миллиард еуроны құрайтыны атап өтілді.

Сондай-ақ, сапар барысында ЕҚЫҰ алаңында көптеген кездесулер өтті, оның ішінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид, БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Тереза Рибейро, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы өкілі Миодрак Панчески, Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі Елена Купчина мен Экономикалық және экологиялық іс-әрекеттері жөніндегі үйлестірушісі Игли Хасанимен кездесулер орын алды.

Қазақстан делегациясы кездесулерінің назарында ЕҚЫҰ тарапынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытына сәйкес елімізде жүргізіліп жатқан және жоспарланған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар процесстеріне одан әрі қатысу мүмкіндіктері болды. ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесулер барысында өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ ҚР мен Ұйым арасындағы әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең спектрі бойынша тұшымды пікір алмасылды.

Еуропалық дипломаттар ҚР Президентінің мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясы саласындағы бастамаларына қолдау білдіріп, өз өкілеттіктері шегінде Жаңа Қазақстанды құруда техникалық жәрдемді арттыруға дайындығын растады.

ҚР Сыртқы істер министрі орынбасарының Венаға сапары барысында Украинадағы жағдай мен халықаралық қауымдастықтың соғыс қимылдарын тоқтату және бұл елге гуманитарлық көмек көрсету әрекеттері жан-жақты талқыланды. Р. Василенко Мемлекет басшысы белгілеген Украинадағы мәселені бейбіт реттеу қажеттігі туралы Қазақстанның дәйекті және айқын ұстанымын ұсынды және оны сұхбаттастар түсіністікпен қабылдады.

Сапар аясында Р. Василенко Аустрияның жетекші БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін де өткізді. Министрдің орынбасары журналистерге Қазақстан мен Аустрияның екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегі, Қазақстанда қаңтардағы қайғылы оқиғаларды тергеу барысы және еліміздің Украинадағы жағдайға қатысты көзқарасы туралы айтып берді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/337604?lang=kk     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив