Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті

Қырғызстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жетті

Бішкек, 2021 жылдың 18 мамыры – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4 500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді. Оны тапсыру рәсіміне Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев және Қырғызстанның Ауыл, су және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашев қатысты.

Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілді.

Министрдің орынбасары А.Мукашев қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегіні жоғары бағалайтынын  бауырлас қазақ халқына терең ризашылық білдіретінін және атап өтті. 

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасымен дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан халқының атынан бауырлас қырғыз халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны белгілі. Берілетін гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 10 мың тонна ұнды құрайды.

Айта кету керек, COVID-19 пандемиясы басталғалы бері Қазақстан қырғыз тарапының өтініші негізінде Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді.  Атап айтқанда, 2020 жылдың мамыр айында көрші елге 5 мың тонна қазақстандық ұн тегін берілді. Ал сол жылғы қарашада Қазақстан үкіметі Қырғызстанға елімізде шығарылған 400 портативті өкпе желдету аппараты мен 2 млн медициналық бетперде жіберді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив