ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылдық сыйлық тарту етті

ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылдық сыйлық тарту етті

Бүгін,  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы  Жаңа жыл мерекесі  қарсаңында,  «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге жаңа жылдық қуаныш сыйлады. 

«Атамекен» балалар ауылында қазіргі таңда 54 бала тұрады. Олардың жас шамалары 3-18 жас аралығында. Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы  ұжымның атынан жаңа жыл мерекесімен құттықтап,  54 балаға тәтті сыйлықтар тарту етті.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген дана халқымыз.  Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына  сенемін»,- деді  Жүніс Өтегенұлы.

Балалар аулының директоры бүлдіршіндердің атынан департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Айта кетерлік жайт, ҚАЖ департаментінде дәстүрге айналған бұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив