Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Ортсайлаукомның отырысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Ортсайлаукомның отырысы

2020 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД Миссияларының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде - бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы;
  2. 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені туралы;
  3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда Республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы.

Бірінші және екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев баяндама жасады.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарда өтетінін баяндады. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесіне тиесілі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну жөніндегі отырысы ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында өтті.

2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар ұсынылды.

Конституцияға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайлану үшін кандидат ҚР азаматы болуы тиіс; Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 10 жыл тұруы тиіс; жасы 25-тен кем болмауы тиіс. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамдар; сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот таныған адамдар Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алмайды.

Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдарды тексеруді жүзеге асырды және осы адамдардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкестігі анықталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінінің шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Амирханян Аветик Рубенович - Батыс Қазақстан облыстық «Масис»   армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Буларов Ильяс Юсупович - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;

Дементьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Ли Юрий Виссарионович – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Набиев Вакиль Гусейнович – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;

Осин Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;

Тохтасунов Владимир Имтахунович – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;

Хамедов Абилфас Муслимович – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Ортсайлауком мүшелері «Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

Екінші мәселе бойынша Ерлан Дауылбаев Ортсайлауком өз өкілеттіктері шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетенінің нысаны мен мәтінін белгілейтінін, сондай-ақ оларды дайындауды қамтамасыз ететінін баяндады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің нысаны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/192 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізіміне Ассамблеяның барлық 504 мүшесі енгізіледі. Осыған байланысты, резервті қоса алғанда, дайындалуға жататын сайлау бюллетеньдерінің саны сайлаушылардың, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы санының бір пайызы - 509 (бес жүз тоғыз) дана.

Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар енгізіледі.

Отырыстың үшінші мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина баяндама жасады. Ол сайлау заңнамасына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік беретінін айтты. Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Ортсайлаукомның 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» қаулысына сәйкес БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін үміткерге қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялау үшін - 0,1 баспа парағынан артық емес.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге; үгіт материалдарын шығаруға арналған шығыстары; Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшерлерде көлік шығыстары өтеледі.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ортсайлауком мүшелері «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда Республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың шығыстар мөлшерін белгілеу туралы» қаулы қабылдады.

Қаулыда кандидаттың 870 000 теңге (сегіз жүз жетпіс мың) көлемінде, оның ішінде: теледидар мен радиода бағдарламалармен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға - 590 000 теңге сомасында; сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 130 000 теңге сомасында; көлік шығыстарына - 150 000 теңге сомасында шығыстар белгіленген.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді. 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив