Қараша айының басында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысуға жіберілген алты партияны жариялады.

Қараша айының басында Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысуға жіберілген алты партияны жариялады.

Бір айдың ішінде барлық партиялар өздерінің съездерін өткізді. 2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» партиясының саяси кеңесі өзінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Партияның жаңа атауы - «Adal». 2020 жылдың 11 қарашасында Қазақстан коммунистік халық партиясының XV кезектен тыс съезінде партияның ребрендингі жарияланды – «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» атауын «Қазақстанның халық партиясы» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 18 және 25 қарашада «Ауыл» және «Nur Otan» партиялары өздерінің съездерін өткізді. 2020 жылғы 27 қарашада Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) сайлауға қатыспайтыны туралы шешімін жариялады.

ЖСДП съезінен кейін сайлау процесіне қатысушы партиялар саны бесеу болды: «Ақ жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы, «Adal» партиясы, «Қазақстанның халықтық партиясы», «Nur Otan» партиясы.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялық рейтингтердің кезекті бөлімін ұсынады. Сауалнама институттың жеке қаражатына 2020 жылдың желтоқсан айының бірінші аптасында сұхбат түрінде (face-to-face) өткізілді, репрезентативті іріктеме бойынша 1200 респондентке сауалнама жүргізілді, қателік +/- 2,82%-ды құрады. Зерттеу географиясы: Қазақстан Республикасының 14 облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары.
«Егер сайлау жақын жексенбіде өтетін болса, онда Сіз қай саяси партияға дауыс беретін едіңіз сұрағына респонденттер келесі жауап нұсқаларын берді: «Nur Otan» - 72,5%, «Ауыл» - 6,0%, «Ақ жол» - 5,5%, «ҚХП» - 4,7%, «Adal» - 2,5%. Респонденттердің 8,8%-ы жауап беруге қиналды.
Парламент Мәжілісінің сайлауына бір ай қалды. 10 қаңтардан бастап партиялар халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізе бастайды, осылайша алдағы ай шешуші болады. Сайлау қарсаңында өткізілетін сауалнама нәтижелерін қаңтардың басында жариялаймыз.

Айнур Мажитова, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры,
әлеуметтік ғылымдар магистрі

источник: http://opinions.kz/

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив