ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІҢ ОТБАСЫ – ЕРЕКШЕ ЖАНҰЯ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІҢ ОТБАСЫ – ЕРЕКШЕ ЖАНҰЯ

 

Əскери қызмет – Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Қызмет қажеттілігіне байланысты әскери қызметшілер іссапарларда, полигондарда ұзақ уақыт бойы отбасынан қашықта болуы мүнкін. Осыған байланысты отбасы мүшелері мен жақындарына қамқорлық жасауға уақыттары да бола бермейді. Ал әскерилерде: «Отбасы – ең сенімді тылың» деген түсінік те бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Әскери ұжымдарда бұрынғы әйелдер кеңесінен бастау алатын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі құрылып, өз шаруасын атқаруда. Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің қарастыратын отбасылардың тұрмыстық халі мен психологиялық ақуалы, Отан қорғаушылардың жанұялысында қолайлы жағдай жасау секілді мәселерінің ауқымы кең.

Өз заманында белгілі профессор Феликс Адлер: «Отбасы – бұл миниатюрадағы қоғам, бүкіл адамзат қоғамының қауіпсіздігі отбасының денсаулығы мен тұтастығы  байланысты болады» деген екен.

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз қызметтерінде негізінен жауынгерлік оқу-жаттығу процестеріне, күнделікті қызмет тапсырмаларына көп көңіл бөліп, отбасыларының жағдайына, әлеуметтік-тұрмыстық шешілмеген мәселеріне уақыт бола бермейді. Әскери ұжымдардың әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі тап осы мәселелер бойынша көмек көрсетеді. Әскери қызметшілердің отбасыларына мекенжайлық көмек көрсетудегі жұмыстардың сапалы, мақсаттар мен міндеттерді жоғары деңгейде орындау түрлеріне және тәсілдеріне, әскери қызметтегі түрлі стресстерді, тұрмыстық қиындықтарды жеңуге көмек көрсетуге, жұмыстар ұйымдастыруға  баса көңіл аударылған. 

Аталған қызмет командирлерге, бастықтарға және жеке құрамға әскери ұжымның ұйымшылдығын күшейту үшін қоғамның және армияның әлеуметтік ұяшығы ретінде әскери қызметшілердің отбасыларын нығайту арқылы жетілдіруге мүмкіндік береді. Осының арқасында әскери бөлімдердегі көптеген отбасыларында жанға жайлы жағдай сақталып және тұлға аралық қатынастар нығаюда.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің басшысы Валентина Хусаинова айта кетті:

«Бақыт дегеніміз – таңертең қызметке қуанышпен барып, кешке үйге қуанышпен оралу». Бұл шындық. Біздің қызметтің тапсырмасы – отбасыларын қолдау және қажетті жағдайда көмек көрсету.

Әскери қызметшінің отбасы – бұл ерекше одақ, сенімді тыл. Ондағы негізгі таным-түсінік: махаббат, өзара түсіністік, сыйластық және шыдамдылық. Әрбір әскери қызметші өз жанұясы мен Қазақстанның  басқа да мыңдаған отбасыларының бейбіт аспан астында өмір сүруі үшін  тәуліктік және жауынгерлік кезекшіліктерді атқаруға және кез келген қиындықтарды жеңуге әр қашанда дайын!»

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

4 пікір

  1. аватар
    Andreas 12 апреля 2024 02:23

    Hi there just wanted to give you a quick heads up.

    The words in your post seem to be running off the screen in Firefox.

    I'm not sure if this is a format issue or something to do with browser compatibility but I thought I'd post to
    let you know. The design and style look great
    though! Hope you get the problem resolved soon. Thanks

    my web blog: Premium quality inoxin available online

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив