ҚҰРТТАҒАН СУДЫ ДА ІШТІК

ҚҰРТТАҒАН СУДЫ ДА ІШТІК

Аштық, азап, соғыс адаммен не істетпейді, барлық қиыншылықтарды еске алып көзбен көргенді, ауызбен айтып түгелдей жеткізе алмайсын – деді, Сайда Куланова «Жусан» операциясымен келген кейіпкеріміздің әңгімесінде.  2008 жылы тұрмысқа шығып, отбасымызды құрып, зайырлы өмір салтын ұстанып өмір сүріп жаттық. Біраз уақыттан өткеннен кейін күйеуім намаз оқи бастап,  өмір сүріп жатқан деңгейімізге көзқарасын түбегейлі өзгертіп, күнделіктті өмір сүру салтынан бас тартып, өзінің басқа өмірге деген қөзқарасын, өмір салтын өзгертті. Ислам дінін ұстана бастады. Менде таңдау қалмады. Не ажырасып кету, болмаса бірге болу. Екеуінің біреуін таңдауым керек болды. Зайырлы өмір сүру немесе ислам дінін қабылдау. Отбасымызда ұрыстан көз ашпадық. Біріз уақыт ұрыс-керіс, өзара келіспеушіліктер көп болды. Арамызда балалар болғандықтан, кез-келген әйел азаматы өз балаларын бірінші орынға қойғандықтан, ақырғы шешімге келіп, балаларымен бірге күйеуіммен  болуымды керектігін ойладым. Кейінірек Сирияға бару туралы сұрақтар туындады. 2014 жылдың соңына қарай Туркияға жетіп, ары қарай Сирияға жол тарттық. Сирия шекарасынан өттік. Төрт жылдың ішіндегі Сириядағы өмірімізді еске ала кетсем, көп нәрсені көрдік. Аштық, суық, медициналық көмектің жоқтығы, бомбалардың түсуі, қорқыныштың пайда болуы, түнде ұйықтап қалып, таң ертен тұрамызба әлде тұрмаймызба деген ойлар қатты мазалады. Қорқыныш, үрейден басқа еш нәрсе көрмедік. Балалларымды қатты ойладым. Ер адамдарды Сирияға ИШИМ-ге(радикалды исламизм идеологиясын ұстанған халықаралық әскери лаңкестік ұйым ) шақыру тек соғысу, оларды  әскери  әрекеттер жасауға,  ер азаматтар олар үшін соғысқанша ғана керек болды. Жарақат алған жағдайда, олардың ешкімге керегі жоқтығы байқалды. Көп жағдайларда жас жігіттер жарақаттанып, медициналық көмектің жоқтығынан құрттап, шіріп, тірідей өлімге айналғандары жетерліктей болды. Егер отбасының ер азаматы соғыспаса, онда отбасы түгелдей аштан қалады, ешікім оған ақша, тамақ еш нәрсе не төленбейді, не берілмейді. Біз жеген тамағымызды  мал да жемейді.  Кебекті сумен арластырып нан пісіре бастадық, шөпті сумен қайнатып сорпа жасап ішіп, құрттаған су ішіп өмір сүрген кездеріміз де болды. Бұл біздің тағамымыздың бір түрі. Күнделікті тамағымыз кебектен, шөптен жасалғандықтан балалардың іш құрылысына зиян келтіріп, ішек ауруына шалдыққан, балалардың саны көбейіп, өлімге апарды. Олардың ағзалары кішкентай болғандықтан, ондай тағамдарды көтере алмағанадықтан, балалар көп қиыншылықтарды көрді. Қабырғалары қайысып, сүйектері ғана көрінген балалардың саны да артқан. Соғыс, аштық, көп баланың өмірін жалмап кетті. Көп әйел азаматтарын алдап шақырап, сол жердегі өмірдің керемттігін, көмектің берілетігін айтып, бірақ сол айтылған сөздердің ешқайсысы орындалмайтындығы, олар өздері тек тамақ ішіп, ұйқыларын қандырумен уақыттарын өткізеді.  Әйел азаматтарын мәжбүрлеп бірнеше рет  тұрмыс құрғызады. Ер азаматы жоқ әйел балаларымен қалса, ешкім көмек немесе қол ұшын да бермейді. Бомба түсіп жатқан жерде өмір сүрсе, сол жерде қалады. Ол әйелді ешкім алып кетпейді. Яғни,  сол жерде балаларымен  қалып өліп кеткендер де бар. Еш көмек жоқ. Ер азаматтары бар әйелдердің отбасы бомбалап жатқан жерден көшіп кетеді. Ол отбасыларға жеңілірек. Ері жоқ әйелдің өмірі өте қиын. Олар діннің атын жамыла  отырып көп адамның құқығын бұзатын ауыр қылмыстарға барды. Айтуға ауыр, бірақ айту парызым деп ойлаймын. Ұлдарға арналған медресе көп болды, сол жерде медресе мұғалімдері ұлдармен жыныстық қатынасқа барып, ауыр қылмыстар жасап жатқаны туралы ақпараттарды ести, одан бөлек соғысып жатқан еркектер (боевиктер) сол ауыр қылмыстық іс әрекеттерді пайдаланып,  жатқандары туралы ақпараттар таратылуда. Айтқым келіп отырғаны өз мемлекеттеріңізден кетер алдында, жақсылап ойланып, сол ел туралы зерттеп шыққандарыңыз жөн. Олардың ойлаған, көздеген мақсаттары бөлек. Олардың есірткі қолданылады деген ақпараттар да бізге жеткен. Сириядан кету өте қиын, тышқан торға түскендей. Ол жерге кірдің, кету тек өлім. Қашып шығайын десен жан жақтың барлығы миналанған, қаруланған әскерлер. Үлкен қомақты ақшан болса да шығуың бірталай. Ұсталсаң не түрме, не атып тастауы мүмкін. Күрттердің лагеріне жету оңай болған жоқ. Бір ғана қашып шығудың жолы болды, ол ел шығып жатқан жолды табу.  Жаяу жету, сол лагерге. Бір түннің ішінде бәріміз жатқан мешіттен шығып, таңға дейін кетіп, жол тарттық. Арамызда жерлестеріміз, басқа елдің азаматтары да болды. Біздің шыққан мезгіліміз қыс айы еді, шөл дала, жаяулатып жеті сағаттай жүрдік. Шекарада әскерлер тұрды. Біздің санымыз көп болды,  сол жерде ашық далада, қыс айында бала шағамызбен бәріміз түнедік. Бір қолымда бір айлық балам, қалған үшеуі жанымда келе жатты. Таң атқанда камаздар, тағы басқа көліктер келіп, бәрімізді сол жерге жинап, күрдтердің лагеріне не жеттік. Ол лагерде де, өмір сүру мәз болған жоқ, Сол лагерде алты ай өмір сүрдім, кейінірек Қазақстаннан «Жусан» гуманитарлық көмек келе бастады. Үйге кетуді армандадық.

          2019 жылы Ақтау қаласында «Жусан» операциясымен отанға оралған жандармен жұмыс жасап көрдім. Олардың басым көпшілігі әйел адамдар мен кәмелет жасына толмаған кішкентай бүлдіршіндер болатын. Оңалту орталығында тек қана теологтар ғана емес, психолог, оқытушы мамандар жұмыс жасады. Ислам әлемінде ханафи, шафиғи, малики және ханбали деп аталатын мәзһаб бар. Ахлу сунна уәл-жамағаты дегеніміз осы төрт мәзһабтан тұрады. Одан бөлек матруди мен ашғари сенім мектебі бар. Орта Азия мұсылмандарының көбісі осы екі тармақтың акида сенім мәселесі мен матруди мәзһабын ұстанса, екіншісі амалдық тұрғысынан ханафи мәзһабын ұстанады. Дегенмен бұдан өзге сенімдік және амалдық мәзһабтарды да дұрыс деп айтамыз. Біз ешқашан оларды мойындамай теріске шығара алмаймыз. Өйткені олардың барлығы ислам ғалым, ғұламаларының атынан мақұлданған ресми мәзһабтар. Алайда осы мәсһаб аттарын жамылып, насихат жасап жүргендер бүгінде тұтас қоғамды өз іштеріндегі саяси соғыстарға тартуға үндеп жүр. Салдарынан дінге жаңадан келген, әлі толық дәріс алып үлгермеген бейімделгіш адамдар алданып жатады. Біз оларға тарих пен дәстүрлі дінді ұштастыра отырып түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әсіресе мектеп жасындағы балаларға әліпбейден бастап тіл үйретіп, ана тілінде сөйлеп кетуіне ықпал жасау қиынға соқты. Себебі балалардың көбісінің тілі швед, араб, орыс тілдерінде шыққан. Қазақ тілінде сөйлей алса да, қазақ әліпбиін біле бермейді. Әрине өзге ағым жетегінде кеткен жандардың дүниетанымын қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес. Бірақ олара адасқандарын мойындай отырып, алға қарай ұмтыла алатындығы қуантады. Сириядан оралғандардың көбісі түсіндірмен дәрістерінен кейін қарапайым азамат ретінде қатарға қосылып жатыр. Қазір олардың бәрі бірдей болмас да, біразы түрлі салаларды қызмет атқарып жүр. Ислам ғылымында «ең ұлы ждихад – нәпсімен күрес» деп айтылады. Ислам ешқашан соғысқа шақырып, үгіттемейді. Өзге ағым жетегіне еріп, адасып жүрген бауырларымыз шариғат пен дінді біріктіріп қояды. Шындығында шариғат пен діннің екі бөлек екенін  Абай атамыздың өзі айтып кеткен. Дін дегеніміз құдай мен жаратылыс арасындағы байланыс болса, шариғат деген адам мен адамдардың арасындағы байланыс. Қазіргі таңда осы екеуін біріктіріп қарастырып жүрген жандар өзге ағым жетегіне байланып жатады – деді, Бауыржан Ботақараев Қуанышбайұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, PhD .

Мадина Жатканбаева

Кейіпкердің ақпараты ашық көздерден,https//t.me/carmoKokshe сайтынан алынған

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив