Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

 

Бүгінгідей еліміз үшін аса қауіпті болып отырған сын сәтте сіздерге арнайы үн қатып отырмын. Жұқпалы індет - коронавирус пен пневмония қос бүйірімізден түйреп, күн сайын күрт өсіп барады. Соның салдарынан тұрғындар арасында науқастардың саны артып, ауруханаларға түсіп жатқандар өте көп. Оған өздеріңіз куә. Облыс көлемінде соңғы деректерге сәйкес, тәулігіне 150-ден аса адам тыныс жолдары тарылып, пневмониямен аурухана түсті. Бүгінде дәл осы диагнозбен мыңға жуық азамат ем қабылдап жатыр. Науқастардың көптігіне байланысты Ақтау қаласында төрт жерден провизорлық стационар ашылды. Дендеп бара жатқан дертпен күрес үшін Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, дәрігерлеріміз күндіз-түні тер төгуде. Сонымен қатар, өңірдегі өндіріс мекемелері мен кәсіпкерлеріміз құрал-жабдық алуға қолдау көрсетсе, волонтерлеріз де ақ халаттыларымыздың жанынан табылып, аянбай атсалысуда. Азаматтарымыздың амандығы үшін және аурудан сақтану мақсатында жан-жақты ақпарат таратылып, мамандарымыз өз кеңестерін беруде. Алайда, әрбір адам жауапкершілікті терең сезінбейінше, қауіп сейілмейді. Аурудан сақтанудың жалғыз жолы - оқшаулану. Аса қажеттілік болмаса далаға көп шықпау, көпшілік ортада маска тағып, антисептикті қорғаныш ретінде пайдалану - міндет. Ақ халаттылардың өздеріңізге деген өтініші осы. Түсіністік пен сабырлық танытып, дәрігерлерімізге демеу болайық, жерлестер! Ауызбіршілікте болып, жұмыла тірлік қылсақ ғана қиындықты еңсеріп, қауіптен тез құтыламыз, қадірлі алеумет!

 

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив