ANTIKOR.LIVE:

ANTIKOR.LIVE: "Парасаттылық мәдениеті: Абай мұрасы, этикалық нормалар және академиялық адалдық»

Парасаттылық деген не? Оған қалай қол жеткізуге болады? Бұл өазіргі таңда білім беру саласындағыларды толғандыратын басты мәселелердің бірі. Сессия қарсаңында осы мәселенің маңыздылығын тағы бір рет атап өту үшін, онлайн режимде, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері үшін "Парасаттылық мектебі" базасында диалогтық алаң өтті.

"Саналы ұрпақ" жобасы аясында "Парасаттылық мәдениеті: Абай мұрасы, этикалық нормалар және академиялық адалдық" тақырыбындағы шара өтті.

Сарапшылар ретінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ проректоры Сауле Рахметуллина, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының профессоры Галина Грызунова, осы Академияның аға оқытушысы Гүлфия Берекполова, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің Абай клубының жетекшісі Шолпан Қуаныш сөз сөйледі. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының университтері мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Парасаттылық мектебінің сарапшылары парасаттылық ұғымын әр түрлі ұстанымдардан, оның көптеген этикалық көріністері мен нормаларында: ұлы ағартушы – Абай Құнанбаевтың рухани мұрасы арқылы, мемлекеттік және құқықтық нормалар, Академиялық адалдық және біздің өміріміздің басқа да аспектілері арқылы қарастырды.

Талқыланған мәселе бойынша ТарМПУ проректоры Орынкыз Жолдасова өз пікірімен бөлісті.

«Парасаттылық бір сәтте қалыптасатын ұғым емес. Парасаттылықтың қалыптасуы – қоғам мен мемлекеттің көптеген әлеуметтік, саяси институттарының қатысуын талап ететін айтарлықтай күрделі және ұзақ процесс. Мектептің белсенді қатысушылары тек кәсіби сарапшылар ғана емес, студенттердің болуы да осының көрінісі, себебі бұл маңызды өзгерістердің алдыңғы қатарында, бірінші кезекте біздің жастарымыз тұр, олар еліміздің ертеңі» - деп атап өтті Ж.Байділдин.

Өз пікірлерімен ерекше көзге түскен студенттер Елдар Мубаракова, Әйгерім Ертайқызы. Олар тек қызықты әрі мазмұнды баяндама жасап қана қоймай, академиялық адалдықты одан әрі дамытудың тың жолдарын ұсынды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив