«100 үздік идея» байқауы талантты жастарға жол ашпақ

«100 үздік идея» байқауы талантты жастарға жол ашпақ

 

Қазіргі таңда қазақстандық қоғам әлеуметтік-экономикалық, мәдени және дүниетанымдық салаларда өзгерістерді бастан кешуде, бұл әлеуметтік институттардың нәтижесі ретінде, халықтың құндылықтарына әсер етеді. Бұл өзгерістер ең алдымен сезімтал әлеуметтік топ болып табылатын жастарға зор ықпал етеді, бұл олардың ұлттық сәйкестендіру, патриоттық сезімге қатынастары, негізгі құндылықтар, гендерлік ұстанымдар мен өзге де өмірдің басты жақтарынан көрініс табады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мемлекеттік институттардың алдағы уақытта орындайтын басты міндетіне айналды. Қазіргі заманғы жастар жаңғырып жатқан Қазақстанның басты стратегиялық ресурсы болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өрлетуге бағытталған шараларға қарамастан, қазақстандық жастардың көпшілігі «қоғамдық сананы жаңғырту» бойынша жалпыұлттық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы нақты көріністі елестете алмайды. Жастардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы білімдері жалпы, таяз көріністерімен шектеліп қалған. Мұндай жағдайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен жастар арасында тарату туралы кешенді зерттеулер өткізу қажеттігі арта түседі. Бұл «Рухани жаңғыру» туралы жастардың ақпарат қабылдау үрдісіндегі белгілі бір заңдылықтар қатарын анықтауға мүмкіндік береді, болашақта бұл білім жалпы халық арасында, соның ішінде жастар арасында «Рухани жаңғыру» құндылықтарын тарату бойынша оңтайлы стратегияны құруға септеседі. Қоғамдық сананы оңтайландыру үшін жалпы халық пен, әсіресе, жастар арасында қазіргі таңда қалыптасқан құндылықты бағдарлардың барынша толыққанды талдауын өткізу қажет.

Қоғамның ағымдағы үрдістерін тиімді басқару үшін мемлекеттік құрылымдар оларды уақытылы зерделеуі қажет. Қазақстандық қоғамда болып жатқан құндылықты өзгерістер әлеуметтік үрдістердің маңызды аспектілері болып табылады. Осыдан шығатыны, кез келген қоғамның құндылықтарын зерделеу академиялық тар шеңбер үшін ғана ғылыми қызығушылық тудырып қоймай, мемлекеттің әлеуметтік үрдістерін басқару аясында маңызға ие. 100 идея жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тұрғысынан жас қазақстандықтардың арасында бағдарламаны насихаттауға арналған. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағдарларын жүзеге асыруға байланысты жастардың бағдарламаның басты бағыттары, оның негізгі қағидаларын қабылдауға дайындығын анықтау қажет.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тұрғысынан жас қазақстандықтардың негізгі ойларын  анықтау, жастардың күнделікті өмірдегі танымдық қызығушылықтары, мәдени бос уақыт өткізу практикаларын анықтау, жас қазақстандықтардың патриоттық сезімдерінің қалыптасу деңгейін анықтау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобалар жайлы жастардың негізгі ойларын анықтау, жастар ортасында «Рухани жаңғыру» құндылықтарын тарату мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу сияқты мақсаттар көзделген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы жастардың хабардар болу деңгейін төмен деп бағалауға болады. Хабардар болғандардың көпшілігі мемлекеттік қызмет қызметкерлері, студенттік жастар мен білім беру секторының қызметкерлері болып табылады.

Біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танымал болуы үшін кез келген мүмкіндіктер мен құралдарды пайдалану қажет. Барынша тиімді ретінде жеке даму мен өзін-өзі көрсету аталды, оларға өз ісінің маманы болу, ғылымды дамыту мен шетелдік тағылымдама бағдарламаларына қатысу жатады. Көбіне отандық тауарларды сатып алу, спорттың ұлттық түрлерімен айналысу сияқты біздің елді шетелде танытудың басқа тәселдерінің рөлі мен мәні жоққа шығарылмайды.

Жалпы, Қазақстандағы заманауи жастардың сана-сезімінің қалыптасу үрдісіне тиімді бақылау жасауға мүмкіндік беретін және қоғамдық сана жаңғыруы, заманның тұрақты өсетін талаптарына жауап беретін жастардың әлеуметтену моделінің тиімділігін атап өтуге болады.

Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық байқауы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізілді.

Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған.

«100 үздік идея» байқауының мақсаты  барлық елден жастардың 100 үздік идеясы жобаларын жинақтау болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ең жаңа келешек жобаларды белгілеу және оларды ұсыным ретінде қоғамдық қатынастар мен ішкі саясат мәселесіне жетекшілік ететін мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына табыстау.

Талантты жастарды іздеп табу, оларды алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тарту, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасау сияқты мақсаттарды алға қойды.

 

Әсем Қайдарова

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, саясат ғылымдарының кандидаты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив