Отандық тауар өндірушілермен бірінші ұзақмерзімді оффтейк-шарттарға қол қойылды

Отандық тауар өндірушілермен бірінші ұзақмерзімді оффтейк-шарттарға қол қойылды

Бүгін Астанада «KEGOC» АҚ мен «Asia Trafo» ЖШС, сондай-ақ «KazTransOil» АҚ мен «KMG Automation» ЖШС арасында бірінші ұзақмерзімді оффтейк-шарттарға қол қойылды. 

Бұл жобалар Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу және жаңа өндірістерді құру бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, импортты алмастыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен жүзеге асырылуда.

Айта кеткен жөн, осы жылдың маусым айында шағын және орта бизнесті жүйелі қолдау мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Бұл бағытта отандық өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылып отыр.      

Келісімге сәйкес «Атамекен» ҰКП бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытатын отандық компанияларды табады, ал Қор оларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етеді.

«Бұл бастамалар жаңа өндірістерді құру, жұмыс орындарының санын ұлғайту, бюджетке түсетін салық түсімдері бағытында бизнестің инвестициялық белсенділігін ынталандырады»,- деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов.

«Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 2 млрд теңгеге жуық көлемде кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыспен қамтамасыз ету арқасында «Азия Asia Trafo» ЖШС импортты алмастыратын жоғары вольтті құрал-жабдықтарды шығару өндірісін оң жолға қойды. Жаңа жұмыс орындары құрылды, таяу және алыс шетелге экспортқа бағытталған өндірісті дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы түзілді.

«ҚазМұнайГаз» тобы компанияларымен жасалған кепілдендірілген оффтэйк-шарттың арқасында  жаңа «KMG Automation» кәсіпорны кемінде 250 млн теңгеге қысым датчиктерін құрастыруға тапсырыс алады. Бұл бірлескен кәсіпорын қысым датчиктерін Қазақстанда және таяу шет елдерде аналогы жоқ озық технологиялардың негізінде шығарады.

Ұзақ мерзімді оффтэйк шарттар – бұл тапсырыс берушілердің үлкен көлемде импортталатын тауарларды сатып алу бойынша кейінгіге қалдырылған міндеттемелері. Бұл тауарлардың арасынан жаңа трансферттік технологияларды тарта отыра Қазақстанда игеруге болатын түрлері анықталады.

  

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив