«Спорт менің ауламда» - балалар мен жасөспірімдерге тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді

«Спорт менің ауламда» - балалар мен жасөспірімдерге тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді

Алматыда 2017 жылыдан бері 7-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты және дене тәрбиесін дамытуға бағытталған қалалық «Спорт менің ауламда» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның атқарушы директоры Алла Жумаканова жобаның ерекшеліктері туралы айтып берді және осы жылдың қорытындыларын шығарды.

- 2018 жылы 5 қазанда ел Президенті Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдап, бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты мен біздің жас және серпінді бағдарламамыз туралы айтып өтсем деймін. «Спорт менің ауламда» балалар мен жасөспірімдерді ауладағы бар спорттық инфрақұрылым аясында бос уақытты белсенді өткізуге үйретеді. Бүгінде жоба өте маңызды құрамдас аспектілерді қамтиды - бірегейлік, ауқымдылық, белсенділік, интерактивтілік және жауапкершілік. «Спорт менің ауламда» жобасының бірегейлігі - бұл қаланың алғашқы әлеуметтік және спорттық бағдарламасы. Біздің нұсқаушылар аулаларда тегін сабақ өткізеді. Алматы қаласы осындай тамаша бастаманы іске қосқан алғашқы қала болып табылады, - дейді Алла Усенжановна.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде қаланың 6 әкімшілік ауданы қамтылды. Күнделікті жаттығулар 75 аулада жүргізілді, ал екінші кезеңде мегаполистің барлық сегіз ауданында іске қосылып, аула саны екі есеге артты және қазіргі уақытта 150-ге жетті. Бағдарламаға қатысушылар саны 19 мыңнан асты. Сабақтар аптасына 5 рет өтеді. Жобада 92 білікті нұсқаушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда Алатау, Әуезов, Түрксіб және Жетісу аудандарында жобаға деген сұраныс жоғары.

Алла Жұманқова «Спорт менің ауламда» жобасының мәні спорт алаңдарында күнделікті жаттығуларда ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың осы бағдарламаға қатысуға ынталандыратын спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізуде екенлігін де атап өтті.

- Біз үлкен бір спорт отбасы секілдіміз, тек көше жағдайында. Жыл сайын 21 спорт түрінен спорттық жарыстардың күнтізбелік жоспарын дайындаймыз, осы жарыстардың кейбір түрлері әр түрлі жас санатында өткізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін әр түрлі спорт түрлерінен 2300-ден астам жарыстар мен 826 шеберлік сабағын өткіздік. Қазақстандық спортшыларды шақыру арқылы балаларды ынталандыруға тырысамыз. Сондай-ақ, жылдың соңында «Чемпиондар Лигасының «Спорт менің ауламда» үлкен қалалық финалын ұйымдастырамыз. Мұнда біз жылды қорытындылаймыз. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай үлкен спорттық фестиваль ретінде өткізгіміз келеді, - деп жобаның ұйымдастырушылары жоспарларымен бөлісті.

Бұл бағдарламаға тек балалар ғана емес, балаларымен бірге қатысуға ата-аналары да ынталы. Жоғарыда айтылған «Чемпиондар Лигасы» құрамына «Біз - ең мықты!!!» отбасыларға арналған жарыстар кіреді. Осы ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз әсерлерімен бөлісті.

- Өте тамаша бағдарлама. Балаларды салауатты өмір салатына және спортқа баулуға мүмкіндіктер жасап жатқан Алматы қаласының әкімдігіне ата-аналардың атынан алғыс айтамыз. Жақында Чемпиондар Лигасының аудандық жарыстарына қатысып, өте риза болдық. Біз мұнда бірінші орынды жеңіп алдық, - деп ата-аналардың бірі Асхат Жетібаев ризашылығын айтты.

- Ия. Барлық, «Көкжиек» ықшамауданының ата-аналары, осындай іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқандығына дән ризамыз, - әңгімеге қатысушылардың аналары Үлкенбай Жаңылсын, Майнур Арыстанбек және Жібек Тұрлыбекова қосылды. Біздің балаларымызды бір жыл бойы нұсқаушы Берік аға жаттықтырады және оған балаларымызды сеніп тапсыра аламыз. Тіпті суық күндері де олар сабақтарын жібермейді. Сонымен қатар, жаттығатын алаң үйдің жанында орналасқан, біз үшін өте ыңғайлы. Мұндай жаттығулар балаларды смартфондар мен гаджеттерден ажыратады. Бұл бағдарлама өз жалғасын тапқанын қалаймыз, - дейді ата-аналар.

Айта кетсек, «Спорт менің ауламда» бағдарламасы тегін. Инструкторларға кез келген уақытта жазылуға болады. Бұл жоба туралы толығырақ ақпаратты sportvodvor.kz сайтында.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив