Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды

Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды

Жамбыл облысында жабайы қарасора өсетін Шу алқабының жаңа картасы жасалды.
Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарымен күресу кезінде полиция қызметкерлері осы уақытқа дейін 1989 жылғы деректерді пайдаланып келген болатын. Сол кездегі есептеулер бойынша жабайы қарасораның қаулауы 138 мың гектардан асты.
Өткен жылы 30 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің бастамасымен Шу алқабындағы жабайы қарасораның нақты өсу картасын жасау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жоба қорытындысы бойынша жабайы қарасора алқаптарының 138 мың гектардан 62 мың гектарға дейін қысқарғаны анықталды.
Алынған мәліметтерді "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ аэрографиялық түсірілім жолымен растады.
Жаңа картаға сәйкес өсу аумағы Меркіден (- 65 мың га) Т.Рысқұлов ауданына (+ 9,5 мың га) ауысты.
Полиция елдегі есірткі жағдайын айтарлықтай тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жаңа деректерді ескере отырып, есірткі бизнесіне қарсы күресте жаңа тәсілдерді қолдана бастады.
Карта полицияға жабайы қарасора өсетін нақты аудандарға жүйелі бақылау жүргізуге, тыйым салынған заттарды дайындаумен де, тұтынумен де айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.
- Біздің қызметкерлер есірткі жеткізу арналарын анықтау және жою, ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу бойынша үздіксіз жүйелі жұмыстар жүргізуде. Олар сондай-ақ шабу және өртеу арқылы каннабистің өсу ошақтарын жояды. Енді жаңартылған деректермен бұл жұмыс екі есе тиімді болады. Полицейлер қарасора дайындаушыларды анықтау үшін оның әрбір учаскесін мұқият зерттейтін болады, - деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив