Экспресс-жүктерді кедендік декларациялау оңайлатылды

Экспресс-жүктерді кедендік декларациялау оңайлатылды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Теңіз порты» кеден бекеті еліміздің барлық кеден бекеттерінде 2024 жылғы мамыр айынан бастап «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктерді декларациялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды. Ол биыл 30 маусымға дейін жүргізіледі.

Аталған жоба мемлекеттік органның қызметінде бюрократиядан арылту, экспресс-жүктерге кедендік декларацияны ұсынуды автоматтандыру, құжат айналымын жетілдіру және қысқарту, сондай-ақ бизнес-процесстерді оңтайландыру мақсатында жүргізіледі.

Қысқа уақыт ішінде жеке жүкқұжаттармен алушыға жеткізу мақсатында жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар экспресс-жүк ретінде саналады.

Пилоттық жоба шеңберінде «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын және экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны кеден өкілдері толтырады. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамдары оларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады.

Кеден өкілдерінің экспресс-жүктер үшін арналған кедендік декларацияға міндетті түрде қоса беретін құжаттарды қағаз түрінде бұрынғыдай ұсына алады.

Пилоттық жобаның қатысушылары «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша шығару және кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын есептен шығару үшін 106119 бюджеттік сыныптама коды қолданылуы тиіс.

«Кеден» жүйесінде жұмыс істеу үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Ақпараттық жүйе  https://keden.kgd.gov.kz/ сілтемесі бойынша қол жетімді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив