Полицейлер Петропавлда волонтерлардың әрекеті туралы жалған ақпарат таратқан әйелді жауапкершілікке тартты

Полицейлер Петропавлда волонтерлардың әрекеті туралы жалған ақпарат таратқан әйелді жауапкершілікке тартты

Петропавлда 47 жастағы әйел әкімшілік ғимараттардың бірінің артындағы аумақта азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды тиеп жатқан волонтерларды телефонға видеоға түсіріп алған. Волонтерлар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген ой келген. Бірақ бұл күдігі туралы бірден полицияға емес, WhatsApp желісіндегі топқа хабарлаған. Өзі және басқа адамдар бар топтағы бейнежазба әп-сәтте TikTok желісіне тарап кеткен.

Осылайша, облыс орталығының тұрғыны жалған ақпараттың тарауына жол берді. Мұны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Өңірде су тасқыны басталғалы бері жалған ақпараттың таралуының жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары интернет-кеңістікті бақылауды күшейтті.

Полиция қызметкерлері «азық-түлік ұрланып жатыр» деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк Есіл өзенінің тасуынан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылына жіберілген. Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив