СҚО полицейлері интернет-алаяқтық туралы ақпарат берудің жаңа тәсілін ойлап тапты

СҚО полицейлері интернет-алаяқтық туралы ақпарат берудің жаңа тәсілін ойлап тапты

Интернет-алаяқтық схемалары туралы ескертетін ақпаратты барынша кеңінен тарату - мұндай міндетті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алға қояды.

Полицейлер кәсіпкерлерге күнделікті тауарларға телефон арқылы белгісіз қосымшаларды орнатпауға шақыратын жапсырмалар қоюды ұсынды. Тәртіп сақшыларының ұсынысын Петропавл нан-тоқаш комбинатының басшылығы мен өзінің наубайханалары бар «Семейный» супермаркеттер желісі қолдады.

Енді Петропавл тұрғындары нан мен торттарды сатып алған кезде, «Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады,» «HopToDesk», «RustDesk», «AnyDesk», «TeamViewer» «қосымшаларын көшіріп алуға көндіреді» деген екі тілде қысқаша мәтіні бар жапсырманы көреді.

Бұл қашықтықтан басқару бағдарламаларының кең таралғаны болғанымен олардың түрлері көп. Олар бөгде адамға телефонды толық бақылауға алуға мүмкіндік береді. Алаяқтар осындай бағдарламаларды жәбірленушінің атынан банк операцияларын жасау үшін пайдаланады. Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер мұндай ынтымақтастық киберқылмыстардың санын азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.

"Солтүстік Қазақстан облысында 3 айда барлығы 178 интернет-алаяқтық тіркелді. Олардың үштен бірінен астамы - "банктен қоңырау шалу" схемасы бойынша, қылмыскерлер өздерінің банк шоттарын қорғау үшін өз құрбандарын телефонына қашықтан кіру қосымшаларын орнатуға көндіреді. Адамдарды қырағылыққа және сіздің қаржыңызға қатысты кез келген ақпаратты ресми арналар арқылы тексеруге шақырамыз", - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив