Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті

Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті

Астанада Достық үйінде Аналар және Ақсақалдар кеңестері, «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы жастары және түрлі этнос өкілдері көрісу күнін атап өтті.

Достық үйінде өткен мерекелік шарада Ассамблея мүшелері Амал күнінде жасалатын рәсімді көрсетті. Көрісе келген қонақтар бір-бірімен амандасып, өз өнерлерін көрсетті, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, ас-дәмдерін ұсынды.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ырыскелді Қажы» мешітінің имамы Яхия қажы Исмаилов та қатысып, өз жылы лебізін білдірді.

«Бүгін біз еліміздің батыс аймағына берік орныққан Амал күнін тойлап жатырмыз. Бұл дәстүрді жыл сайын халық күтеді. Көктем келісімен қуанышты күндер басталады. Атап айтқанда, алдымен Амал күнінен басталып ары қарай Наурызды тойлаймыз. Еліміз Тәуелсіздік алғалы ұлттық мейрамдар жаңара бастағаны қуантады. Көрісу күнінде біреуге реніші бар адамдар өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Осылайша, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, адамдар бір-бірімен қайта табысады. Барша жиналған қауымды Көрісу күнімен құттықтаймын! Айлардың сұлтаны Рамазан айында барлығымыздың ниетіміз қабыл болсын!» - деді Яхия қажы Исмаилов.

Айта кетейік, бүгін елордада Амал мерекесіне орай білім беру ұйымдарында әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға және т.б. қатыса алады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив