СҚО-да полиция қызметкерлері ішкі істер органдарына адамдар арызданбаған 8 интернет-алаяқтықты анықтап әшкереледі

СҚО-да полиция қызметкерлері ішкі істер органдарына адамдар арызданбаған 8 интернет-алаяқтықты анықтап әшкереледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күреске бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері үш күн бойы ұйымдар мен адамдар көп жиналатын орындарда жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті.

Полицейлердің айтуларынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен. Облыс тұрғындарымен сөйлесу кезінде және әлеуметтік желілердегі комментарийлерді тексере келе осындай 8 факті анықталған. Олардың барлығы интернеттегі хабарландырулар арқылы тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасаумен немесе бөгде біреудің атына шағын несие ресімдеумен байланысты фактілер. Әр фактіде зардап шеккен жәбірленушілерді полицейлер арыз жазуға көндірді. Нәтижесінде барлық қылмыстар қысқа уақыт ішінде ашылды.

«Басқа біреудің атына шағын несие ресімдеу көбінесе жақын адамдармен – туыстарымен немесе достарымен жасалады, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Шағын несие ұйымдарының қызметтерін пайдаланбайтын егде жастағы адамдар бет-әлпет арқылы фото-видео растау қажет екенін білмегендіктен жиі зардап шегеді. Қаскөйлер олардың жақындарының аңқаулығын пайдаланып, әр нәрсені сылтау етіп оларды фотоға түсіреді, несиелер ресімдейді. Егер сіздерге өзіңіз алмаған әлдебір қарызды төлеуді талап ете бастаса, бірден полицияға жүгініңіз. Бұл туралы үйдегі қарияларға да ескертіңіздер».

Егер интернеттегі хабарландыру үшін алдын ала төлем талап етіп, сан соқтырып кетсе де полицияға жүгіну қажет. Бұндай қылмыстар жиі ашылатын қылмыстарға жатады.

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара өткен үш күнде бұрын жасалған 8 интернет-алаяқтық фактісі ашылды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив