ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен ХЕҰ еңбек қызметі бюросы бірлескен іс қимыл жоспарын қабылдады

ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен ХЕҰ еңбек қызметі бюросы бірлескен іс қимыл жоспарын қабылдады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен ХЕҰ/ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросының бірлескен іс-шаралар жоспарына бүгін ҚРКФ орталық кеңсесінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және ХЕҰ-ның ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас қол қойды.

Қол қойылған құжат ХЕҰ мен ҚРКФ арасындағы өзара іс-қимылдың төрт негізгі бағыты бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын қамтиды. Бұл-заңнама мен құқық қолдану практикасын талдау және жетілдіру; кәсіподақтардың әлеуетін арттыру бірлестік бостандығы мен ұжымдық келіссөздерді ілгерілету; әлеуметтік диалог және лайықты еңбек қағидаттарын алға тарту; еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесіндегі кәсіподақтардың мүмкіндіктері мен рөлін күшейту.

ХЕҰ/ACTRAV жоспарын іске асыру үшін және ҚР Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымының 102,117,118, 131, 132, 154,157, 158, 159,160,168,173, 176, 184,186, 189, 190 конвенцияларын ратификациялауды ілгерілетуге қатысты бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізуге ниетті. Құжатта Қазақстанда лайықты еңбектің Ұлттық бағдарламасын қабылдау үшін кәсіподақтардан ұсыныстар әзірлеу, оқыту семинарлары, конференциялар сериясы, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілету және кәсіподақтардың жастар саясатын нығайту көзделген.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ХЕҰ-ның ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас атынан Халықаралық еңбек ұйымына Қазақстандағы әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету бойынша тиімді ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық еңбек ұйымымен және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен өзара іс-қимылы табысты және серпінді дамып келеді. Біз үшін басты мақсат – әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету және осыған байланысты, әрине, ХЕҰ жариялаған халықаралық стандарттар негізгі бағдарлар болып табылады. Сонымен қатар, біз Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтарын және Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесін ұйымдастыру шеңберінде өңірлік интеграциялық процестерге белсенді қатысамыз. Кәсіподақтар федерациясының халықаралық қызметі – Қазақстан кәсіподақтарының бастамасымен болып жатқан өзгерістердің локомотиві», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Ол шетелдік серіктесті 2023 жылғы ҚРКФ қызметінің қорытындылары және ҚРКФ Бас кеңесінің шешімімен жарияланған Лайықты еңбек жылының негізгі іс-шаралары туралы қысқаша хабардар етті.

«Қазіргі уақытта біз әлеуметтік серіктестермен бірлесіп 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісім жобасын әзірлеудеміз. ҚРКФ дайындаған құжаттың жобасында ХЕҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялауды ілгерілету және қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын жетілдіру жөніндегі нақты нормалар көзделген. Федерацияның Лайықты еңбек бағдарламасын әзірлеу және қабылдау туралы бастамасы Ұлттық құрылтайдың іс-шаралар жоспарына енді. Сәуір айында біз алғаш рет Қазақстанның еңбекші әйелдерінің форумын өткіземіз. Онда еңбекші әйелдердің жағдайы бойынша әлеуметтанулық зерттеу ұсынылады. Биылғы жылы біз кәсіподақтық, жастар саясатына ерекше назар аударып, «Көшбасшылар шеруін» өткізуді жоспарладық», - деді ҚРКФ төрағасы.

Өз кезегінде ХЕҰ-ның ACTRAV еңбекшілерінің қызметі бюросының Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас ҚР Кәсіподақтар федерациясы қызметінің үдемелі дамуын және оның ел алдындағы рөлін атап өтті. 

«Кәсіподақтар федерациясының қызметінде біз прогресстің нақты фактілерін сөзбен емес, іс жүзінде байқаймыз – Кәсіподақтар федерациясының белсенді әрекеттерінің нәтижесінде Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүшелікті қалпына келтірді. Өткен жылы Қазақстан ХЕҰ халықаралық конвенцияларын бұзатын елдердің қысқа тізімінен шығарылды. Биылғы жылы біз бүгін қол қойылған Бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес ынтымақтастығымызды жалғастырамыз, оған климаттың өзгеруіне қатысты іс-шаралар, қауіпсіз, жасыл жұмыс орындарын қамтамасыз ету, 176-конвенцияны ратификациялауға жәрдемдесу және т.б.», - деді Сергеюс Гловацкас.

Халықаралық сарапшы ХЕҰ-мен тиімді ынтымақтастығы үшін және Лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету ісіндегі сіңірген еңбегі үшін ҚРКФ төрағасына алғысын білдіріп, Сатыбалды Дәулеталинге ХЕҰ-ның ACTRAV жұмыскерлерінің қызметі жөніндегі бюросының Құрмет грамотасын табыс етті.

ХЕҰ өкілінің Қазақстандағы шараларына келетін болсақ, алдағы күндері жұмыс сапары барысында Сергеюс Гловацкас Қарағанды кеншілерімен кездесуді, ауыл шаруашылығы және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподақтарының кәсіби жетекшілерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив