Маңғыстау облысына қанша және қайдан автокөлік импортталды

Маңғыстау облысына қанша және қайдан автокөлік импортталды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті 2023 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасына Маңғыстау облысы арқылы «Ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімі (ИМ 40 режимі) бойынша 24334 жеңіл автомобиль (СЭҚ ТН коды 8703) импортталғанын хабарлайды.

Бұл көліктердің жалпы құны 414 млн. АҚШ долларын құрады және 56,3 млрд.теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар төленді.

Негізінен автомобильдер 3 елден әкелінді: Біріккен Араб Әмірліктерінен – 15812 дана (65,0%), Грузиядан – 7565 дана (31,1%), Әзірбайжаннан501 дана (2,1%).                             

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.

Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;

- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;

- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет екенін атап өтеміз. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив