Маңғыстау облысында 3048 азамат банкроттыққа ұшырады

Маңғыстау облысында 3048 азамат банкроттыққа ұшырады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкроттықты қолдануға 3048 азаматтан өтініш қабылдады, оның ішінде 2024 жылғы 15 ақпандағы жағдай бойынша 344 млн.теңгеден астам берешек сомасына 237 азамат банкрот деп танылды. 67 борышкерге қатысты өтініш қаралады, 140 өтініш мақұлданды, 2530 борышкерге бас тартылды, 74 өтініш тоқтатылды.

Жалпы, e-Gov, e-Gov Mobile және e-Salyq Azamat арқылы Заңға сәйкестеліп түскен өтініштерді автоматты түрде өңдеу 22-ден астам мемлекеттік органдар және ұйымдардың базаларымен және 11 екінші деңгейдегі банкпен интеграциялау жолымен жеке тұлғалардың банкроттығы жүйесінде өңделеді.

Мониторинг жүргізу барысында азаматтардың келіп түскен өтініштері бойынша азаматтардың белгілі бір себептермен соттан тыс банкроттығы шарттарына сәйкес келмеу жағдайлары анықталды.

Жеке сот орындаушыларының атқару парақтары негізінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануына байланысты жеке тұлғаларда 12 ай ішінде борышты ішінара өтеу жағдайлары жиі кездеседі.

Басқа жағдайда азаматтар мүлкі нақты болмаған кезде мемлекеттік органдардың тиісті базаларында уақтылы түзетулер жүргізбейді.

Бұл ретте, деректерді соттан тыс банкроттықтың кіріс параметрлеріне сәйкестігін тексеру мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларын салыстыру арқылы «TAZALAU» жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ азаматтардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш беру жағдайларына жол беріледі.

Осындай проблемаға тап болған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дара кәсіпкерлікті тарату рәсімін жүзеге асыруы қажет.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін ерекше жағдайлар бойынша банкроттық рәсімін пайдалану үшін осындай көмек алудың кемінде 6 ай мерзімін ескеру қажет.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы қайта өтінішті кіріс параметрлеріне сәйкессіздіктер жойылған жағдайда 3 айдан кейін беруге болады.

Бұл ретте, егер борышкерге мүліктің болуы себебінен бас тартылса, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қолдану рәсімін қолдануға өтініш беруге құқылы.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив