21 АҚПАНДА ТМД ОЙЫНШЫЛАРЫНА HONOR OF KINGS ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛҒАН КЕЗДЕ, ЭПИКАЛЫҚ ШАЙҚАСТАР БАСТАЛАДЫ

21 АҚПАНДА ТМД ОЙЫНШЫЛАРЫНА HONOR OF KINGS ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛҒАН КЕЗДЕ, ЭПИКАЛЫҚ ШАЙҚАСТАР БАСТАЛАДЫ

Наурыз айында 300 000 доллар жүлде қоры бар Honor of Kings Invitational турнирі жоспарланған 

31 қаңтар 2024 жыл – Бүгін Level Infinite және TiMi Studio Group компаниялары Honor of Kings 21 ақпанда Android және iOS құрылғыларында ТМД елдерінде шығарылатынын хабарлады. Бірегей мобильді MOBA (көп ойыншы онлайн шайқас аренасы), Hоnor of Kings, 2015 жылдың қарашасында тұсауын кескен болатын, ал қазіргі кезде әлемдегі ең танымал мобильді MOBA ойыны болып отыр. 

2024 жылдың 21 ақпанына келіп жеттік деп елестетейік, Нonor of Kings өзінің қатал командалық шайқастарымен, жоғары өнімділік көрсеткіштерімен және түрлі-түсті кейіпкерлерімен жаңа жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алуда. Аталмыш жанкүйерлер Таяу Шығыста, Солтүстік Африкада, Түркияда, Шығыс Еуропада және Оңтүстік Азияда 1 миллионнан астам ойыншы ойын басталғанға дейін жалғасатын алдын-ала тіркеу бағдарламасына қатысып, өз үміттерін осылай білдірді.

Төменде ойыншылар белгілі бір жетістіктерге жеткеннен кейін алатын ойын ішіндегі марапаттар көрсетілген:

  • Инь, ойынның аты аңызға айналған Қаһарманның бірі
  • Инь скині «Қызыл қылқалам»
  • 500 гауһар тастар
  • 2000 аркана фрагменттері
  • 5000 жұлдызды тастар
  • Шектеулі уақытқа барлық кейіпкерлердің тегін сынақ нұсқасы 

Алдын-ала тіркелу және марапаттар туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз https://www.honorofkings.com/pre-register

Соңғы сегіз жыл ішінде әзірлеушілер тобы Нonor of kings ойынын жетілдіруді жалғастырып келеді. Миллиардтаған жарыс тәжірибесіне сүйене отырып, команда жылдамдық пен стратегия арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті тауып, барлығына ең жағымды, қызықты және басқаруға оңай мобильді MOBA құра алды. 

Honor of Kings әзірлеушілері ТМД қауымдастығына адалдығының белгісі ретінде оқшауланған ойын ішіндегі мәтінді енгізді және тегіс, тұрақты ойын тәжірибесін қамтамасыз ету үшін аймақтық серверлерді де орнатады. Бұған қоса, Level Infinite және TiMi болашақта жергілікті мәдени іс-шаралар мен фестивальдерді, сондай-ақ аймақтың танымал тұлғаларымен ынтымақтастықты көрсететін арнайы контент даярлайды. 

Жергілікті тұрғындарға арналған контент әлемге әйгілі музыкалық әртістермен және атақты адамдармен одан әрі ынтымақтаста отырып толықтырылатын болады. Бұрын мұндай серіктестер Ханс Циммер, Джо Хисаиши болған, ал жақында олардың қатарын DJ Alok толтырады. 

«Біз қауымдастыққа ең жақсы нұсқаларды ұсыну үшін TiMi әріптестерімен тығыз жұмыс істедік», - Tencent Games компаниясының дамушы нарықтар жөніндегі баспа бөлімінің жетекшісі Герман Чжао мәлімдеді. «Олар тәжірибелі ойыншылар немесе MOBA жанрына жаңа келгендер бола ма, толық нұсқаулықты қамтитын оқшауланған ойынға ие болуы біздің ойыншыларымыздың қажеттіліктеріне назар аударғанымызды және Honor of Kings ойынына қош көргенімізді дәлелдейді». 

Honor of Kings киберспорт бағдарламасы халықаралық киберспорт экожүйесін құру үшін 15 миллион доллар инвестиция салуға уәде беріп, өсіп, кеңеюін жалғастыруда. Бұл жүйеге жергілікті және жаһандық турнирлер кіреді, олар қай жерде болса да, көптеген ойыншылар мен командаларға қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған. 

Бағдарлама Global Invitational Series маусымымен басталады, оның бірінші маусымы наурызда айында Ыстамбұл қаласында өтеді - InterContinental Invitational жарысында Бразилия, Түркия, Таяу Шығыс және ТМД елдерінен сегіз команда 300 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорының бір бөлігін еншілеу үшін бәйгеге түседі. 

Жаһандық киберспорт бағдарламасының шарықтау шегі жылдың соңында «Honor of Kings Championship Invitational» бағдарламасымен аяқталады, мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген командалар чемпион атағы үшін бақ сынасады. 

Honor of Kings жаңалықтары мен жаңартуларынан хабардар болу үшін ресми әлеуметтік желілерге жазылыңыз:

Instagram: https://www.instagram.com/honorofkings_cis/

Facebook: https://www.facebook.com/HonorofkingCIS?mibextid=ZbWKwL

Discord: https://discord.gg/D67WzWz4VJ

Vk: https://vk.com/honorofkings_cis

Telergram: https://t.me/hok_cis

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCT6vxPP0meUQiD3tjDSuaeA 

Level Infinite туралы

Level Infinite – бұл Tencent-тің жаһандық ойын бренді. Біз әлемдік аудиторияға қай жерде және қашан ойнағысы келсе де, қызықты және ерекше ойын тәжірибесін ұсынуға тырысамыз, сонымен бірге инклюзивтіліктің, байланыстың және қол жетімділіктің дамуына ықпал ететін қауымдастық құрамыз. Бренд сонымен қатар бүкіл әлем бойынша әзірлеушілер мен серіктес студиялар желісіне өз ойындарының шынайы әлеуетін ашуға көмектесу үшін көптеген қызметтер мен ресурстарды ұсынады. Level Infinite – PUBG MOBILE, Goddess of Victory: NIKKE және SYNCED сияқты танымал ойындардың әзірлеушісі және Fatshark 's Warhammer 40,000: Darktide, Funcom' s Dune: Awakening, inflexion Studios Nightingale және т.б. танымал ойындардың серіктесі. Level Infinite туралы көбірек білу үшін www.levelinfinite.com сайтына кіріңіз және Twitter, Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына жазылыңыз. 

TiMi Studio Group туралы

Timi Studio Group, Tencent Games-тің еншілес компаниясы – бүкіл әлемдегі ойыншылардың ойын-сауық сапасын жақсартуға бағытталған жетекші жаһандық бейне ойындарды әзірлеу және пайдалану тобы. Штаб-пәтері Шэньчжэньде (Қытай), ал кеңселері Лос-Анджелесте, Сиэтлде, Монреальда, Шанхайда, Чендуда орналасқан TiMi компаниясы түрлі жанрлар мен платформаларда жоғары сапалы, креативті, ойындарды әзірлейді. 2008 жылы құрылған TiMi компаниясы бірқатар танымал ойындарды әзірледі, соның ішінде Нonor of Kings, Speed Drifters және Arena of Valors. TiMi сонымен қатар әлемдегі ең ірі ойын брендтерінің сенімді серіктесі болып табылады, Call Of Duty: Mobile және жақында Pokémon UNITE сияқты AAA-класс ойындарын жасады, бұл покемондардың алғашқы стратегиялық командалық жекпе-жек ойыны болып табылады. TiMi туралы көбірек білу үшін Twitter және LinkedIn желілерінде @timistudios парақшасына жазылыңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив