Ақтөбе облысында жемқорлық тәуекелдер картасына енген  мектеп пайдаланылуға берілді

Ақтөбе облысында жемқорлық тәуекелдер картасына енген мектеп пайдаланылуға берілді

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің жемқорлық тәуекелдері картасына енген мектеп нысаны пайдаланылуға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық тәуекелдері Картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізді.

Өткен жылы Агенттік Төрағасы мемлекет басшысына еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын, осындай 156 нысан бар екенін баяндады.

Соның ішінде Ақтөбе облысы бойынша 17 проблемалық объекті орналасқан.

Осыған орай, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен бюджет қаражатын игеру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Проблемалық объектілерді аяқтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, ол өңір басшысының бақылауында.

Нәтижесі, аталмыш 17 проблемалық нысанның бірі - 2019 жылы құрылысы аяқталуы жоспарланған Шалқар қаласындағы мектеп ашылды.

Мектеп құрылысын салу барысында 2 мердігерлік ұйым ауысқан. Жобалау және құрылыс барысында жіберілген қателер жиынтығы – салыну мерзімінің 5 жылға созылуына және құрылыс-монтаждау жұмыстарының 900 млн теңгеден бастап 1,3 млрд теңгеге дейін қымбаттауына алып келген.

Атап өтейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыты болып табылады. Барлық мемлекеттік органдармен жоспарланған шығындар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесстері мұқият талданылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив