Астана қаласында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Астана қаласында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қала аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 15-26 қаңтар аралығында ел аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізіп, үй жағдайында қылмыс жасауға бейім тұлғаларды, сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру шараларын жасауда.

ЖПІШ бірінші күнінің қорытындысы бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша есепте тұрған 300-ден астам тұлға тексерілді (құқықбұзушыларға шығарылған қорғау нұсқамалары, ерекше талаптар бойынша, өздерінің міндеттерін атқармаған ата-аналар және т.б. ). Әкімшілік жауапкершілікке 160   құқықбұзушы  тартылып, оның 75-не қорғау нұсқамалары шығарылып, 13 жанжалқойдың  мінез құлқына ерекше талаптар қойылды.

Отбасылық агрессия құрбандарын уақытша оқшаулау және оңалту көмегін көрсететін ұйымдармен тұрақты негізде тиісті жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, пилоттық режимде ODARA жүйесін пайдалана отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың халықаралық құралы енгізілді.

Оның көмегімен ҮЕҰ психологтарын тарта отырып, агрессорлармен жұмыс жүргізіліп, тұрмыстық салада қылмыс жасауға бейім тұлғалар анықталады.

 «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай «қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалып­таспаса, заңға енгізілген өзгеріс­терден аса қайыр болмайды. Біз қоғамды ішінен іріте­тін, адамгершілікке жат қылықтарды ақ­тау­­ды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек.

Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресу керек»-дейді Астана қ. ПД ЖПҚБ бастығы Арман Айтмағамбетов. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив