Полиция қызметкерлері петропавлдық оқушыларға ІІО-да қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтты

Полиция қызметкерлері петропавлдық оқушыларға ІІО-да қызмет атқарудың артықшылықтары туралы айтты

https://youtu.be/-qnhiH9Tkpc 

СҚО полиция департаментінде Петропавлдағы түрлі білім ошақтарынан келген 100-ге жуық жоғары сынып оқушылары М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілдерімен кездесті. Жоғары оқу орнының офицерлері оқуға түсу тәртібі, оқудың және полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы айтып берді.

Ақтөбе институты әкімшілік блоктың полиция қызметкерлерін дайындайды: әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі. Оның түлектері учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналдық полицейлер және басқа да қызметтердің қызметкерлері болады. Күнделікті қызмет барысында халықпен тығыз қарым-қатынас жасау жақсы құқықтық, дене шынықтыру және психологиялық дайындықты қажет етеді. Бұның барлығын жоғары оқу орны қамтамасыз етіп, үйретеді.

«Түлектерге кепілді қызметке орналасу қарастырылған, оқу кезеңі мерзімді әскери қызметке теңестіріледі және еңбек өтіліне кіреді, — деді тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Асыланбек Мерғалиев. – Курсанттар шәкіртақы алады, олар үшін жайлы жатақханада тегін тұру мүмкіндігі бар, бұдан бөлек, тамақпен, нысанды киім-кешекпен, медициналық қызмет көрсетумен, демалыс кезінде үйлеріне баруға және кері қайтуға тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі».

Полицейлер үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып, оқуға түсу үшін ақпан-мамыр айлары аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болатынын еске салды.

Кездесуден кейін оқушылар СҚО полиция департаментінің ведомстволық музейіне барып, қызықты экскурсия барысында облыстың ішкі істер органдарының тарихымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полицияға жұмысқа орналасудың барлық сұрақтары бойынша тұрғылықты жерлері бойынша полиция бөлімдерінен немесе облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасынан мына мекенжай бойынша кеңес алуына болады: Петропавл қ., Алматы к-сі, 55, 314 каб. немесе Петропавл қ. ПБ Жұмабаев к-сі, 118 мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7152) 61-26-68, 39-48-05, 39-48-94 телефон нөмірлері арқылы. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavldyq-oqushylargha-iio-da-qyzmet-atqarudyng-artyqshylyqtary-turaly-ajtyldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив