СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді

СҚО полицейлері жыл басынан есірткі өткізудің 104 фактісін тіркеді

Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын әйел бөлмесінде есірткі сатқан. Әрі сол жерде есірткі қолдануға рұқсат берген. Бұдан бөлек, төртінші сыныпта оқитын қызын тәрбиелеп отыр. Полицияға бұл жағдай туралы жандары ашыған жатақхана тұрғындары хабарлады. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексерді. 47 жастағы қала тұрғыны «тұз» деген атаумен белгілі α-PvP есірткісінің төрт түйіншегімен ұсталды.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деп хабарлады СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті күзетпен қамауға алынды».

Қыз бала әжесіне берілді. Ол жақын арада қамқорлық ресімдеуді жоспарлап отыр.

11 айдың ішінде облыста есірткі өткізудің 104 фактісі тіркелді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив