"Keden" мобильді қосымшасын іске қосу туралы

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Keden" мобильді қосымшасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

 «Keden» - тауарларды кедендік тазарту процесінде Сіздің тауарларға арналған декларациялардың мәртебесін бақылауыңызға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

Мобильді қосымшаны пайдалану арқылы Сіз:

- Кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдарына берілген декларациялар туралы хабарлама жібере аласыз. Декларацияны бергеннен кейін, Сіз берілген декларация туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлай аласыз;

- Декларацияларға енгізілген өзгерістер туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлама жібере аласыз. Декларацияға жаңа құжаттар қосу, декларацияны түзету және т.б. кез келген өзгерістер енгізген кезде, бұл туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлай аласыз;

Қойылған талаптар, түзетулер, бас тарту, декларацияның мәртебесін өзгерту туралы хабарламаны алу. Мобилді қосымшада Сіз тапсырған декларацияға байланысты: өзгертілген мәртебені қарау, қойылған талаптар туралы және т.б. барлық өзгерістер туралы хабарламаны ала аласыз;

МКО уәкілетті лауазымды адамдарымен тікелей онлайн хат алмасуды жүргізу. Мәселелер туындаған жағдайда, Сіз МКО лауазымды адамдарына хабарламаны тікелей, жеке чат арқылы жібере аласыз.

Қосымшаны App Store, Google Play қосымшаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.

«Keden» мобильді қосымшасы арқылы Сіз:

- Декларация мәртебесін бақылау уақытын қысқартуға;

- Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерімен тікелей байланысты болдырмауға;

- Ақпаратты таралудан қорғауға мүмкіндік аласыз.

Төменде қосымшаны орнату және онымен жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулыққа сілтеме қоса беріледі.

Keden мобильді қосымшасында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық https://youtu.be/1mFiYlQtvUk?si=9l7ZdoBytijbHJvJ

Қолдау қызметі: info@keden.kz 8-700-020-3605

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив